Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тіркеу жұмыстары тұрақты

2 марта 2020 10:00 • 520 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс орталығындағы мамандандырылған ХҚКО — да болып, шетелдік автокөліктерді уақытша тіркеу жұмысымен танысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.

Тіркеу бастауына байланысты мамандандырылған қызметкерлері бүгіндері демалыссыз жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ филиалының директоры Қанат Төлепұлының айтуынша, азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған, бірнеше терезе жұмыс істейді.

Қостанай қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да тұрғындарға шетелдік көліктерді тіркеу тәртіптері түсіндірілді. Облыс әкімі көлігін тіркеген жетінші тұрғынмен тілдесті. Ол көлігін Армениядан әкелген.

– Автокөліктерді тіркеу заң аясында жүреді. Сырттан құны арзан көлік әкелген екенсің, оны еліміздің жолдарында емін-еркін қатынай алатындай етіп рәсімдеу керек. Міндетті түрде қазақстандық нөмір алу қажет. Әйтпесе, көлікті тұтастай болсын, бөлшектеп болсын, сатудан асқа амалың жоқ. Өткенде газет беттерінен полиция қызметкерлерінің көліктерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын оқығанмын. Мұндай жұмыстың ауқымын әлі де кеңейте түсу қажет сияқты. Адамдар шетелден алған көлігін тіркеудің артықшылықтарын әлі де толық түсіне алмай жатыр, — дейді көлік иесі.