Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Арзан азық алаңы

Облыс орталығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі өтті. Оған 30 тонна ет пен 144 мың дана жұмыртқа әкелінді.

Жәрмеңкеде әдеттегідей ет өнімдері бірінші кезекте сатылып кетті. Өйткені, мұнағы еттің бағасы да қол жетімді. Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 1400-1600 теңге, жылқы еті 1650-1800 теңге, шошқа еті 1100-1300 теңгеден саудаланып отыр.

Сонымен қатар, «Жас Қанат» бройлер фабрикасының өнімдеріне сұраныс көп болды. Жұмыртқа сатып алушылардың қарасы қалың. Алдағы мейрамдарға орай қала тұрғындары молынан қамданып алғанды жөн санаса керек. Жұмыртқаның он данасы 160 теңге мен 230 теңгенің арасында сатылды.

Тұрғындардың күздік қорлары көкөніс өнімдері қыс аяғында таусылған тәрізді. Тұтынушылар арасында картоп, сәбіз, қызылша және қырыққабатты қаптап алғандар болды.

— Біз тұрақтандыру қорының өнімдерін ұсынамыз. Картоп пен сәбіздің бір келісі 75 теңге, қызылша 95 теңге, қырыққабат 85 теңгеден саудалануда. Тұтынушылар көптеп келуде, мұншама сұраныс болады деп біз тіпті ойлаған жоқпыз. Үш сағаттың ішінде өнімдердің 90% сатылды, — деді «Aliya 1017» ЖШС-нің өкілі Әсет Фазылов.

Жәрмеңкеге барлығы 11 ауданнан және Қостанай облысының екі қаласынан 130 тоннадан астам өнім ұсынылды.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ.