Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ерікті тігіншілер іске кірісті

26 марта 2020 17:00 • 743 просмотров

Қостанай облысы Амангелді ауданының тұрғындары бетперделер тігіп, халыққа таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін дәріханаларда медициналық маскалар тапшылығы сезілуде. Бұл жағдай облыстың оңтүстік аудандарын да айналып өткен жоқ. Осы орайда Амангелді ауданының тұрғындары медициналық бетперде тігіп, халыққа таратуда. Аудан әкімі Әмірхан Асановтың ұсынысымен, жергілікті тігіншілікпен айналысатын кәсіпкерлер бетперде тігуді қолға алды.

Қазір ауданда 17 адам осындай медициналық бетперде тігумен айналысуда. Олардың арасында грант ұтып алған кәсіпкерлер де бар. Тігіншілер қазір 2000-ға жуық масқа дайындады. Жалпы бір күнде 1000-1500 бетперде дайындауға қауқарлы. Мәселен, Амангелді ауылының тұрғыны Жаңагүл Хамзина екі күн ішінде 210, Данаш Сұлтанова 187 бетперде тіккен. Кей бетперделердің бағасы 100 теңгеден сатылуда. Көп балалы отбасыларға тегін беріледі.

Гүлім Ғиуазқызы басқаратын «Қаламқас» балабақшасы ұжымы тігіншілері де бетперде тігіп, халыққа ұсынып жатыр. Бұл іске мәдениет саласының өкілдері де атсалысуда. Үрпек ауылдық округіне қарасты Қосжан елді мекенінің кітапханашысы Бижамал Әубәкірова 80 данадан астам медициналық маска тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты. Амантоғай, Ағаштыкөл, Байғабыл, Қарасу ауылдары да бастамаға қолдау білдірді.

«Елдегі төтенше жағдай кезінде бос отырмай, қолымыздан келген көмегімізді аямауға тырысып жатырмыз. Көп өңірде медициналық бетперделер жетпей жатыр. Осы уақытта сәл де болса, үлес қоссақ дейміз. Бұл жұмыстарды жалғастыра береміз», — дейді әуесқой тігіншілер.