Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қалың қармен күрес

27 марта 2020 11:00 • 689 просмотров

Жанкелдин ауданының тұрғыны Болат Халықов екі ауылдың арасындағы жолда үйілген қарды шығарып берді.

Биыл Қостанай облысында қар жылдағыдан көп жауды. Тіпті ауыл-үйдің арасын бітеп тастады. Облыс орталығынан 600 шақырым қашықтағы Жанкелдин ауданының тұрғындары да біраз әлекке түсті. Ауылдар мен аудан орталығы арасында қатынас үзіле бастады. Осындайда Жанкелдин ауданының азаматы Болат Халықов көмекке келді. Ол аудан орталығынан жүз шақырымда жатқан Ақкөл ауылының арасындағы үйінді қарды тазартып берді.

«Төбемен тұтасқан қалың қардан қора мен үйдің арасына қатынау қиынға соқты. Қанша көлік пен жолаушы қар құрсауында қалып, адам өміріне қауіп төндірді. Ауданға қатынас тоқтады. Адам баласы ауырмай-сырқамай тұрмайды, басқа да жағдайлар болуы ықтимал. Азық-түлік, пошта қатынасы бәрі жолға кеп тіреледі. Абырой болғанда ел азаматы Болат Молдахалықұлы күндіз-түні дамыл таппай, күре жолды күреумен болды. Соның арқасында жолға шыққан жолаушыларымыз да қауіп-қатерге ұрынған жоқ. Барар жерге мезгілінде жеттік. Пошта, жедел-жәрдем қатынасында іркіліс болмады. Барша Ақкөл ауылының тұрғындары атынан азаматымызға алғысымызды білдіреміз», — дейді ауыл тұрғыны С.Мұқан.

Қыстай «жол күзеткен» азаматқа аудан орталығы іргесіндегі Шеген ауылының тұрғындары да алғыс айтады. Болат Халықов волонтерлік жұмысын қар ерігенше жалғастырмақ.