Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мұз жару жұмыстары басталды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлерге жұмыс сапары барысында су тасқынына дайындық барысымен танысты. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасныда хабарлады.

Қостанай обылсының әкімі Архимед Мұхамбетов Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылындағы 320 орынды мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін орта мектеп құрылысының барысын қарап шықты. Жобаның жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды, оны 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

«Сонымен қатар, Әулиекөл ауданындағы су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен таныстым. Аудан әкімі Е. Теменов елді мекендерді және су өткізу құбырларын қардан тазалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Одан әрі Қарасу ауданының су тасқынына қарсы дайындығымен таныстым. Зеленов ауылында мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын қарап шықтым. Ал Қарасу ауылында қар шығару жұмыстарын назарға алды. Қыста ауданның елді мекендерінен 59,3 мың текше метрден астам қар шығарылды. Сондай-ақ Қарасу өзеніндегі жарылыс жұмыстарын бақыладым», — деп жазды өңір басшысы Архимед Мұхамбетов желідегі парақшасында.

Облыс әкімі өзендердегі жарылыс жұмыстарын жүргізу жұмыстарын бақылады.

«Мұз жару өзендердегі сел кептелісін болдырмайды, елді мекендерді су басу қаупін төмендетеді. Жалпы, биыл өңірдегі өзендерінде 15 мұз жарылысы өткізілді, 4 тоннадан астам жарылғыш зат қолданылды. Ы.Алтынсарин және Қамысты аудандарында жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған», — деді Архимед Мұхамбетов. Сапар соңында аймақ басшысы Қарасу ауданында пандемияға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты. Әулиекөл және Қарасу аудандарының әкімдеріне өңірлердің су тасқыны жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды