Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында төтенше жағдай режімін бұзған 250 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай режіміне немқұрайлы қарайтындарға енді қатаң шара қолданылуы мүмкін екенін айтты. Өйткені талап күшейгенімен, тәртіп бұзушылардың азаятын түрі жоқ.

— Полиция қызметкерлері 250 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сот 91 материал бойынша шешім шығарды. Соттың қарауында әлі 159 материал жатыр, -деді Архимед Мұхамбетов. 

Режім тәртібін сақтамағандардың 18-і ескерту алса, 63 адамға әкімшілік айыппұл салынған, ал 7 азамат қамауға алыныпты. 154 тәртіп бұзушыға қандай шара қолданылатынын сот қарап жатыр. Олардың ішінде 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатпаған 46 кәсіпкер, бетперде, қолғап пайдаланбаған 125 дүкенші, санитайзерсіз жұмыс істеген 53, азық-түлікті беті ашық күйінде сатқан  7 дүкен қожайыны бар. Бұлардың қатарында үй карантині талабын бұзған тағы  8 адам бар.

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерді жалпыға бірдей міндет етілген тәртіп талаптарын сақтауға шақырған аймақ басшысы: — Мен кәсіпкерлерге, оның ішінде бірінші кезекте кафе, мейрамхана және адамдар көп шоғырланатын нысандардың қожайындарына ескерту жасаймын. Бұдан былай анағұрлым қатаң шаралар қолданылады, 15 күнге дейін қамауға алынуларыңыз мүмкін, — деді.