Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жеңілдетілген несие жете ме?

Жуырда өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облы­сындағы бидай тұқы­мы­на мұқтаж шағын шаруа­шы­­лықтарға «Кең дала» бағ­дарламасы бойынша 17 млрд теңге жеңілдетілген несие берілетінін, бұл несиені бі­рін­ші кезекте шағын және орта шаруашылықтар ала­тынын айта келіп, жер­гі­лікті әкімдерге, ауыл шаруа­шылығы мен жер қаты­настарын реттейтін бас­қар­­­ма­ларға шағын және орта шар­­­­­­­­уа қожалықтарды қол­­дау­­ды ерекше назарға алу ке­ре­­гін нық­тап тапсырды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті хабарлайды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұахмбетовтің айтуынша, бүгін­ге дейін «Қарапайым заттар эконо­ми­касы» бағдарламасы бойынша шар­уашылықтар ұсынған 39 жоба мақ­ұлданып, жалпы сомасы 12 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген. Таяу­да 12 жобаға тағы 4,5 млрд теңге қа­ржы бөлінбек.

Президент пәрменінің жергілікті жер­лерде қалай орындалып жат­қа­нын білмек болып, былтырғы қуаң­шы­­лықтан қатты зардап шеккен На­уы­­рзым ауданына хабарластық.

– Аграрлық несие корпорация­сы «Қарапайым заттар экономикасы» бағ­дарламасы бойынша 5 пайыздық несие беретін болды. Бірақ кепілдіксіз ештеме берілмейді. Бұрын банктер ке­пілдікке жер алмаушы еді, қазір ала­тын болды. Диқандар үшін бұл да үлкен қолдау. Қазір диқандар құжат­та­рын жинастырып жатыр. Бүгін­ге дейін «Буревестниктен» 3, «Раз­доль­ный­дан» 3 диқан – жалпы саны 10-15 шақты адам құжаттарын тапсырды. Алда­ғы күндері алып қалар, – деді аудан әкімінің орынбасары Қабидолла Омаров.

Диқандарға да телефон шалдық. Өлең­ді ауылындағы «Богдан» шаруа қожалығының иесі Дмитрий Исаев Президент бөлген 70 млрд теңгеден бір тиын да ала алмайтынын айтты. Өйткені диқан былтыр көктемгі дән сіңі­ру жұмыстарына 15 миллион теңге алған. Бірақ бидайы түгелдей күйіп кетіп, мемлекетке 17 млн теңге берешек болып қалған.

– Былтыр 1000 гектар бидай, 300 гектар арпа ектік. Қуаңшылық ұрып, алқапты сол күйі тастап кеттік. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша абердин-ангус тұқымды 80 бас ірі қара алғанмын. Құны – 31 млн 250 мың теңге. Бүкіл жерімді, бар мүлкімді кепілдікке салдым. Енді несиеге қоятын кепілдігім жоқ. Қазір доллар өсіп кетті. Коронавирус тағы қысып жатыр. Ел алдын болжай алмай тұр. Бармаған жерім, баспаған тауым қалған жоқ, ешкім қарыз бермейді. Жағдайымыз өте қиын. Таяу күндері техниканы жөндеуден өт­кі­зіп, сәуірдің ортасына таман жер дегдісе алқапқа шығуымыз ке­рек. Ылғалды дер кезінде жауып үлгермесек, жер тағы кеуіп кете­ді, – деді диқан.

Бұл «Богдан» шаруа­шылығының басындағы ғана жағдай емес. Қамысты, Жітіқара, Науыр­зым аудандарының ұсақ шаруа­шы­лық­та­рының көбінде банкке беретін кепіл­дік жоқ. Диқандардың көбі Пре­зи­де­нт айтқан жеңілдетілген несиені кім, қашан, қалай беретінін білмейді.

– Былтыр 800 гектар бидай ектім. Бірақ жинаған жоқпыз, тастап кеттік. Қолы­мызда жинау тиімсіз деген анық­тама бар. Ауданнан комиссия шығып, көзімен көріп кеткен. Қазір тұқым таба алмай жатырмыз. Маған көтемгі егін жұмыстарына 10 млн теңгедей керек. Ал Президент айтқан несие туралы әлі ешкім ештеңе деп жатқан жоқ. «Атамекен» де, Аграрлық несие корпорациясы да жабық. Мен күні бойы іздестіріп, ешкімнен ештеме таба алмадым, – деді Өлеңді ауылының диқаны Арнұр Бекмағамбетов.

Өңір басшысы «Таяу күндері ауыл шаруашылығы құрылымдарына бері­летін несие көлемі кеңейтілуі тиіс. Бұл туралы біз бірден ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының басшыларын хабардар етеміз», деген еді. Бәлкім, әлі жетпей жатқан болар.

Облыста жеңілдетілген несиеге мұқтаж 6 700 шаруашылық бар.