Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әлімхан МЫРЗАХАН: «Біз біріксек қана мықтымыз»

Барша адамзат басына қауіп төндіріп тұрған нәубет – қатерлі коронавирустың зардабынан құтылу үшін еліміз бүгінде шекара шеңберін жауып, адамдардың жұмысқа баруына дейін шектеу қойып, халық өмірін уақытша тұйық арнаға көшірді. Осы мақсатта жаппай қауіпсіздікті сақтау шаралары қолға алынып жатыр. Қоғамдық орындарға баруды мейілінше азайтып, медициналық маска тағып жүруді ұмытпаған жөн. Мұндай шешімді қостанайлықтар да бір кісідей қолдап, іліп әкетті.

Елімізге белгілі актер, Қостанай облыстық қазақ драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан жерлестеріне аталмыш қағиданы бұзбай, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақырады.

–Бұл – адам жанының нәзік­тігін көрсететін шақ, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен аман-саулығын алғашқы орын­ға қойып, әр адам өмірі­нің құндылығын бағалаумен Үкі­метіміз бен Денсаулық сақтау министрлігінің қабылдап отырған аса қажетті және тиімді амал-тәсіл­дері. Індетті тек біріксек қана жеңе аламыз. Үкімет пен халықтың нағыз бірігетін, бір-біріне құлақ асатын шағы. Сол себепті, барша қостанайлықтарға әдеттегідей ұйымшылдық танытып, бірігуге шақырамын!-дейді белгілі актер.

Бұл бастаманы өңірімізге танымал ақын, журналист, «Qostanai» арнасы директорның орынбасары Абылай Мауданов та қолдайды.

–Қазір шынымен ел басына күн туып тұр. Індетпен күресу тек бір адамның ғана міндеті емес, бұл бәрімізге жүктелген міндет. Сол себепті сынақтан сүрінбеу өті үшін мамандардың сөзіне құлақасып, Төтенше жағдай ережесін сақтаған жөн. Бүгінде еліміздің дәрігерлер қауымының өкілдері өздерінің «Денсаулық сақтау сақшылары» атағына лайықтығын көрсетіп, алдыңғы шепте – ауруханаларда  күндіз-түні жанқиярлықпен еңбек етуде. Осы азаматтар мен азаматшалардың бейбіт күнде көрсетіп отырған ерлігі халықтың шынайы алғысын иеленуімен қатар мемлекет тарапынан да лайықты бағасын алатыны сөзсіз,-дейді ол.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты. Қостанай обылсында мұндай 3 оқиға тіркелді.  Ал әлем бойынша 7 сәуірдегі ақпаратқа сүйенсек,  Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны — 1 359 398 өлім саны — 75 945, айыққандар саны — 289 109 адам болды.

Елдің басына төн­ген түрлі қатерлі зауалдарда хал­қымыз  әрдайым бірлік-берекесі, кең пейілі арқылы жеңіске жетіп отырғаны айқын. Бұл  жолы да осылай боларына сенім артамын. Лайым, еліміз аман болсын!