Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жітіқарада карантин сақталады

Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов елдегі төтенше жағдай режімінің аяқталуына байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Жиын барысында індеттің одан әрі етек алып кетпеуін қамтамасыз ету және шектеу шараларын жұмсарту мәселелері талқыланды.  

Бүгінге дейін облыс бойынша 62 адамнан COVID-19 вирусы  анықталды. Оның 46-сы Жітіқарада тіркелген.  Бұл жерде 28 науқастың емделіп шыққанын айта кеткен жөн.

Сонымен жедел штабтың ұйғарымы бойынша мынадай мазмұндағы шараларды өткізуге әлі де болса тыйым салынады:

  1. Спорттық және өзге де бұқаралық, отбасылық, еске алу шаралары;
  2. Сауда-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер және т.б. адам көп шоғырланатын бұқаралық сипаттағы шаралар;
  3. Діни нысандардың қызметі.

Сондай-ақ, облыстық штабтың ұйғарымы бойынша,  егер 7 күн ішінде COVID-19 көрсеткіші 7 пайыздан аспайтын болса, аймақта біртіндеп рұқсат шаралары енгізіле бастайды. Яғни, аймақта эпидемиологиялық аһуалға тағы бір апта мониторинг жүргізіліп, 18 мамырда қорытынды шешім қабылданады.    

Осылайша, эпидемиологиялық аһуал ескеріліп және санитарлық тәртіп сақтала отырып, мынадай рұқсат шаралары енгізілуі мүмкін:

  1. үйден шығып, еркін серуендеуге (2 немесе одан көп адамдар міндетті түрде маска тағуы тиіс);
  2. саябаққа, алаңға баруға (3 адамнан артық бірге жүрмеу керек);
  3. сағат 10:00 мен 17:00 аралығында ауданы 2 мың ш/метрге дейінгі азық-түлік базарлары мен киім-кешек, т.б. заттарды сататын сауда орындарының жұмысына;
  4. Сұлулық салондарының жұмысына (клиенттер маскамен кіруі тіис және алдын ала тіркелуі керек);
  5. Спорт нысандарының жұмысы (30 адамға дейін жаттығу ойындарын өткізуге);
  6. Мәдениет нысандарының жұмысы (30 адамға дейін)
  7. Халыққа қызмет көрсету нысандарының жұмысы: баспаханалар, тігін цехтары, аяқ киім жөндеу орындары;
  8. қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.
  9. Балаларға арналған білім орталықтары мен үйірме жұмыстары;
  10. Қоғамдық көлік қозғалысы. (Көлік қозғалысына 07:00-ден 19.00-ге дейін рұқсат берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда санитарлық-дезинфекциялық талап қатаң сақталып, көлік жүргізушісі дәрігердің бақылдауында болады. Ал жолаушыларға қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынады.

Алайда бұл жеңілдіктердің Жітіқара ауданына қатысы жоқ. Жітіқарада карантин режімі 25 мамырға дейін сақталады.