Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жұмабике ОМАРОВА, Қостанай облыстық балалар ауруханасының рентгенологы: Індетпен күресте әр адам жауапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Алайда, елде карантиндік шектеулер әлі сақталады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның қорытынды жиынында сөйлеген сөзінде қандай талаптарды сақтау керек, нендей шараларды қолға алған маңызды, соның бәріне жауап берді. «Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет. Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін», — деп ескертті.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылған орган енді елдегі ең өзекті деген проблемалармен айналысады. Президент жуық арада шешімін табуы тиіс нақты жеті мәселені атап өтті. Соның бірінде: «Үнемі экономикалық табыс әкелетін немесе адами капиталды дамытатын бастамалар қолға алынуы қажет. Осыған орай, мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуге тиіс. Біркелкі нысандардың әр аймақтағы құны өте алшақ болуына жол бермеу аса маңызды. Өкінішке қарай, мұндай жағдай бізде көп кездеседі. Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады», — деді мемлекет басшысы. 

Бұдан түсінгеніміз: әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жаңадан салу арқылы біз елдегі сыбайластықтың да жолын кесеміз. Азаматтардың жұмыс орны сақталуы да маңызды. Президент бұған да көңіл бөлді. Жалпы, пандемия белең алған кезден елде денсаулық сақтау, халықтың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылған. Індетпен күресте тек денсаулық сақтау саласы ғана емес, әр азамат жауапты болуға тиіс. Дәрігерлердің ескертуін, қорғану ережелерін қатаң ұстанғанда ғана біз пандемияны жеңіп шыға аламыз.