Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Салық жеңілдіктері қай бағытқа берілді?

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев биыл Қазақстанда салық жеңілдіктері қарастырылған кәсіпкерлік қызметтері туралы айтып берді.

«Төтенше жағдай кезеңінде Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау үшін жедел шаралар қабылдады. Олар бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды, қосымша салықтық ынталандыруды іске асыруды, бизнесті тексерулерден шектеуді көздейді. Олар саудадан бастап туристік бизнеске дейін экономиканың түрлі секторларын қамтиды», — деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди ТакиевОрталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда жыл соңына дейін сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорт объектілері бойынша, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, қонақүй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер бойынша мүлік салығынан босату шарасы белгіленді. Мұнымен қоса, жеке практикамен айналысатындар да (нотариустер, адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар) биылдың 1 қазанына дейін мүлік салығынан босатылды.

«Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жылдың соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды. Ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын агроөнеркәсіптік кешендегі биологиялық активтердің импортына қосылған құн салығы салынбайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығын төлемейді», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 қазанына дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді.

«Микро, шағын және орта бизнес субъектілері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін 29 қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да міндетті төлемдерден босатылды», — деді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев.