Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шағын кәсіп шапағаты

Амангелді ауданының тұрғыны Наурызбай Сапарбектің бизнес жоспары мемлекет тарапынан қолдау тауып, 530 200 теңге көлемінде несие алды. Ол алған қаржыға биылғы жылдың маусым айында өзі туып өскен ауылда шаштараз ашып, қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы syntas.kz сайты хабарлайды.

«Ауылым – алтын бесік», – дейді халық даналығы. Көңілді күйге бөлеп, туған жердің ұлылығын ұғындырып, санаға сіңдірер қанатты сөз. Осы заманға дейінгі сан толқын ұрпақтың киелі мекені, алтын ұясы, ырыстың бастауына айналған ауыл-ежелден ұлтымыздың ұйытқысы саналады.

Бүгінде сондай киелі, әрі ырысы мен берекесі жарасқан  ауылдардың бірі – аудан орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан Байғабыл ауылы. Ауылдың бүгінгі келбеті көңіл қуантарлық. Байғабыл өзенінің жағасына жайланған ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен қатар бау-бақша өсіруден де кенде емес. 24 сағаттық су жүйесі жүргізілген Байғабыл ауылының тұрғындары бүгінде жеке шаруашылықтарымен айналысып, түрлі кәсіптің көзін тапқан.

Сондай жас кәсіп бастаушы – Сапарбек Наурызбай Сайлауұлы. Наурызбай 1998 жылы Байғабыл ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң әскерей борышын өтеп келген ол,  2019 жылы «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау ұйымының «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында  білім алды. Соның нәтежиесінде өзі ұсынған бизнес жоспары мемлекет тарапынан қолдау тауып, 530 200 теңге көлемінде несие алды. Алған қаржыға биылғы жылдың маусым айында өзі туып өскен ауылдан шаштараз ашып, қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отырған жайы бар.

Бір қызығы Наурызбай бұл сала бойынша білім алып, оқымаған.  Тек өзі секілді шаш қию өнерін меңгерген аға-әпкелерінен көргенін үйреніп, бойындағы қабілетімен көргенін тез іліп әкеткен.

Қабілетті жас маман бүгінде ересектердің шашын 500 тг, балалардың жасын 400 тг қиып беріп, ауыл тұрғындарына қолайлы, әрі тиімді баға ұсынып отыр. Еңбек жолын енді бастаған Наурызбайға ауыл тұрғындары да дән риза.