Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Польшда поштасы құрмет көрсетті

Қазақтың бас ақыны, ағартушы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбай­ұлының мерейтойы халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтілуде. Ұлтымыздың даңқты перзентін ұлықтау шарасы Поляк елінде де өз жалғасын табуда. «Пошта Польска» компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті. Бұл туралы  министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Пошталық марканы шығару жобасы ұлы қазақ ақынның мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Варшавадағы Елшілігінің бастамасымен «Пошта Польска» АҚ жүзеге асырды.

Өз сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, шабыттандыратын ұлы жазушының философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.

«Пошта Польска» АҚ төрағасы Томаш Здзикота екі ел арасындағы филателия саласындағы жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастығына тоқталып, ұлы қазақ ағартушысының бейнесі салынған пошталық маркасы филателисттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірлескен сәтті жобалардың дәлелі болатынына сенім білдірді.

Іс-шара барысында Польша Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Департамент директоры Я.Хофмокл, Абайдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы мен ауқымын айта отырып, 2001 жылы Қазақстанға жасаған сапардың барысында Рим Папасы Иоанн Павел II-ші дәйексөз жасаған Абайдың «Қара сөздер» әйгілі әдебиет шығармашылығымен тындаушыларды танысуға шақырды.

Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген іс-шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Іс-шараға Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен қатар «Пошта Польска» АҚ мен Польша Сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.

Кездесу соңында Елші поляк тарапына поляк тіліндегі Абайдың «Қара сөздер» кітабының бірнеше данасын табыстады.

Салтанатты таныстыры­лымның ресми бөлімі аяқ­­­талғаннан кейін қазақ тарапы шараға қатысып, ақын тұл­ғасына ерекше ықылас біл­дерген қауымға танымал түркітанушы ғалым, қа­зақ тілінің білгірі, профессор Хенрик Янковскийдің тәр­жімасымен, Қазақстан елші­лігінің қолдауымен биыл екін­ші рет басылған Абайдың «Қара сөздерін» сыйға тартты. Ал жиналған қауым болса ақынның туындыларынан үзінділер оқып, оның өмірі мен қызметі туралы пікір ал­­масты. Осы орайда Абай Құ­нан­байұлын ұлықтау шарасына қатысушы азаматтармен сұхбаттасып, пікірін тыңдаған едік:

Томаш Зджикот, «Поляк пош­­­тасы» АҚ төрағасы: Біз қазақ тарапымен берік ын­ты­­­мақтастық орнатқанбыз. Оның мысалы, 2017 жылы ІІ дү­ние­­жүзілік соғыс жылдары Орта­лық Азияда жасақталған поляк әскерін есте сақтау мақ­сатында «Андерс әскері – үміт ізі» атты пошта марка­сын бірлесе шығарған бо­ла­тынбыз. Ал бүгінгі «Абай Құ­нанбайұлының ту­ғаны­на-175 жыл» пошта маркасын сал­танатты түрде таныстырып отыр­мыз. Бұл біз үшін үлкен мәр­тебе!

Ян Хофмокл, ПР СІМ Шы­­­ғыс департаментінің ди­­­ректоры: ХІХ ғасырда өмір сүр­гендігіне қарамастан Абай, қайта өрлеу кезеңінің адамы сынды жан-жақты, шын мә­ніндегі сегіз қырлы бір сыр­­лы тұлға болғандығын бі­ле­міз. Әрине ақындық – Абай­­дың бір қыры ғана. Біз қа­зақ ақынының өлең шу­­­мақ­тарымен қатар әуенін кел­­тірген сазгерлік өнерінен де хабардармыз. Дейтұрғанмен, Абай шығармашылығында оның қара сөздерінің орны ерекше. Өзінің Қазақстанға сапары барысында Рим Па­па­сы Иоан Павел ІІ Абай Құ­­­нан­байұлының қара сөз­де­рінен үзінді оқыған болатын. Жалпы, ғұламаның қара сөз­дерін әрдайым басшылыққа алған жөн деп білемін. Мен бала кезімнен пошта маркаларын жинаумен әуестендім. Осы сәтті пайдалана отыра аталған бірлескен жобаны жү­­зеге асырушы талаптарға ал­­ғысымды білдіремін.