Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа басшылар тағайындалды

Қостанай облысы әкімдігінде бірқатар ауыс-түйіс орын алды. Біраз уақыт басшысыз қалған білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен бұрынғы ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова енді білім саласының тізгінін қолға алды. Жаңа басшы  Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, Қостанай Бизнес және басқару институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Білім саласындағы тәжірибесі мол, қызметін қазақ тілі пәнінің мұғалімінен бастаған. Мемлекеттік қызметке 2002 жылы келді. Зәуре Әнуарбекқызы 2002 жылы білім департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың тамызында Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөліміне басшылық етті. 2010 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы болса, ал 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Лисаков қаласында білім бөлімін басқарды. Үш жылдан астам Федоров ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың тамызынан 2019 жылғы ақпанға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, білім басқармасының бұрынғы басшысы Василий Александрович Цымбалюк басқа жұмысқа ауысуына байланысты білім басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кеткен болатын.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен облыстық  ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды. Бибігүл Аққожина 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын жоғарғы оқу орнында психология пәнінің оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасының жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, орынбасар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бибігүл Бүркітқызы бұған  дейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымында болды.