Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлттың ұлы ұстазы

5 қыркүйек – XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ақын, аудармашы, педагог, түркітанушы, ғалым, қазақ әліпбиінің алғашқы авторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Осыған орай, 2020 жылдың 5 қыркүйек күні академияның «Тіл апталығы» аясында қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасы курсанттармен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге ахметтанушы, Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Ибрагим Ағытай және дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі, журналист Нәзира Жәрімбетова арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Кездесу барысында Ахмет Байтұрсынұлы туған топырақта дүниеге келген, Ахаңның шежіресін жазған Ибрагим Ағытай ұлы ұстаздың өмірі мен қызметі жөнінде сыр шертті. Қарымды қаламгер, жүйрік журналист Нәзира Жәрімбетова ұлы ақынның аяғы басқан жерлерде болып, көне көз қариялардың аузынан естігендерін қызықтыра баяндады. Өз кезегінде, курсанттар ұлы ағартушыға қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мадияр Қалқаманұлы, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны.