Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қоғам белсенділері марапатталды

Қостанайда облыс атынан праймеризге қатысқан үміткерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов те келді. Тобыл-Торғай жерінен праймеризге бас-аяғы 800 адам қатысқан болатын.

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасы есебінде Архимед Мұхамбетов партияішілік іріктеу қатысушыларымен өткен праймериз қортындылары туралы үгіт-насихат жұмысы барысында көтерілген өзекті мәселелерге ерекше тоқталып, алдағы уақытта олардың оңтайлы шешілуін тапсырды. Әкімнің айтуынша, праймериздің арқасында қазақстандықтардың азаматтық позиция тұрғыснан өз ойларын айтып, қоғам өміріне сыни қарауының арқасында көптеген қордаланған мәселер көтерілген. Бұл атқауршы биліктің оң нәтиже шығаруына септігіні тигізуі тиіс. Салтанатты шара барысында барлық қатысушыларға алғыс хат табыс етілді.

–Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып отыр. Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық ретінде жұрт қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Облысымыздан праймеризге 800 адам қатысты. Ауқымды үгіт-насихат жұмысы кезінде жүздеген кездесулер  өткізіліп, 150-ден астам жария пікірталас ұйымдастырылды. Праймериз аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қажет партия мүшелерін таңдауға көмектесті. Праймериздің барлық қатысушылары рейтингіне қарамастан, партияның консультативтік-кеңесші органдарының құрамына енгізілетін болады. Праймеризге белсенді қатысқан үміткерлерге алғыс білдіргім келеді, –  деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Өз кезегінде қатысушылар қауымы да партия тарапына жылы лебіздерін білдірді.

–Мен «Nur Otan» партиясына осындай мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін бұл зор тәжірибе болды. Өткізген әрбір кездесуіміз бен кездестірген әрбір адам бізді жаңа дүниелерге үйретті. Барлығыңызға алғысым шексіз, – деді Наталья Лапшина.

Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысы бойынша төрт күнге созылған дауыс беруге 38 609 адам қатысты. Бұл ақпараттық жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 85,5 %-ы. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни  29 215 адам онлайн дауыс берді. 9394 партиялық дәстүрлі әдісті пайдаланып, сайлау учаскелеріне келді.

–Осы көрсеткіштердің өзі-ақ елімізде ғана емес, бүкіл Орта Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылған жаңа саяси құрал. Праймеризге көпшіліктің ерекше қызығушылық танытқанын және оның өз деңгейінде өткенін айқын көрсетті. Сайлау қорытындылары бойынша бүкіл мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынып, баршаға қолжетімді болды, – дейді «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Жалпы, праймериз нәтижесінде Елбасы бастамасымен былтыр қолға алынған партияны «қайта жандандыру» бағдарламасы түйінделді. Партия түбегейлі жаңғырып, қатары жаңа тұлғалармен толықты.

Осылайша, «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты жүзеге асты.