Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жастар елдегі әлеуметтік жағайларға бей-жай қарамайды»

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы, Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайының директоры Мәди Нұрмұхамбетов жастарды қоғамның дамуына атсалысуға шақырды.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында азаматтық позициясы бар жастарды осы қоғамға бейімдеудің, келешекте отанына барынша адал қызмет етудің маңыздылығын айтты. Бұл жалынды жастарға үлкен серпін берді. Рас, жастар қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамайды. Меніңше, партия праймеризіне қатысқан әр адам елдің игілігі үшін жұмыс істеуге әзір», — дейді Мәди Нұрмұхамбетов.

Мәди Нұрмұхамбетов партияішілік сайлаудың пікірталас кезеңінде мәдениет және спорт тақырыбына екпін түсіру қажеттігін айтты. Өнер саласында жүрген оған өңірдің әлеуметтік тұрғыда дамығаны маңызды. Мәди Мейрамханұлының депутаттық қызметі 2018 жылы Меңдіқара ауданында басталған. Ол 6 шақырылымның депутаты болып сайланып, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындармен жиі кездескен.

«Қазақстанның көркеюіне үлес қосып жүрген жастардың спортқа бейім болғанын қалар едім. Сол үшін де спорт инфрақұрылымын назарға алу қажет. Өнер саласы да осылай. Біз «Мирас» мәдениет сарайы жанынан шығармашылық үйірмелерін ашып, жастарға барлық жағдай жасап келеміз. Төтенше жағдай басталған сәтте өңір өнерпаздарымен бірігіп, еңсесі түскен жұрттың көңілін көтеріп, рухани күш сыйлауға тырыстық. Мәдениеттің, білімнің, спорттың дамуы – елдің дамуы. Оның бел ортасында жастар жүруі тиіс. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ», — деп түйіндеді сарапшы.

Облысымыздан праймеризге 800 адам қатысты. Ауқымды үгіт-насихат жұмысы кезінде жүздеген кездесулер  өткізіліп, 150-ден астам жария пікірталас ұйымдастырылды. Праймериз аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қажет партия мүшелерін таңдауға көмектесті. Праймериздің барлық қатысушылары рейтингіне қарамастан, партияның консультативтік-кеңесші органдарының құрамына енгізілетін болады.

Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысы бойынша төрт күнге созылған дауыс беруге 38 609 адам қатысты. Бұл ақпараттық жүйеде тіркелген партия мүшелерінің 85,5 %-ы. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни  29 215 адам онлайн дауыс берді. 9394 партиялық дәстүрлі әдісті пайдаланып, сайлау учаскелеріне келді.

–Осы көрсеткіштердің өзі-ақ елімізде ғана емес, бүкіл Орта Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылған жаңа саяси құрал. Праймеризге көпшіліктің ерекше қызығушылық танытқанын және оның өз деңгейінде өткенін айқын көрсетті. Сайлау қорытындылары бойынша бүкіл мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынып, баршаға қолжетімді болды, – дейді «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.