Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (New) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мектептерге компьютер тапсырылды

Қостанай облысында 337 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова мәлім етті.

Жаңа 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталуға жақын. Облыс мектептеріндегі оқу процесі жоспарлы режимде жүргізілуде. Жалпы 494 мектепте 110 206 оқушы білім алады. Қазір соның ішінде 337 мектеп штаттық режимде оқытуда.

«63 мың бала «Күнделік», «Mektep Online» сынды білім беру тұғырнамаларын пайдалана отырып, қашықтан білім алып жатыр. 157 мектепте ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сыныптардың оқушылары үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Мұндай форматта бастауыш сыныптардың әрбір екінші оқушысы оқиды. Оқу жылы басталғалы 30 мыңнан аса сабақ өткізілді. Қашықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау мақсатында жергілікті бюджеттен және үкімет резервінен 3,8 млрд теңге сомасына 21 мың компьютер сатып алынды. Жақында мектептерге 1,7 млрд теңгеге 8,5 мың компьютер техникасы жеткізілді. Осы жылдың қазан айының соңына дейін тағы 12 743 ноутбук пен планшеттің жеткізілуі күтілуде, олар облыстың барлық 20 өңіріне таратылады», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.

Жазда 133 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 11,1 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 3 есе артық. 2021 жылы бұл тізімге

«Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінің» жобалары қосылады. «Алдын ала тізімге 15,1 млрд теңге сомасына 113 нысан кірді. Оның ішінде 32 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Объектілердің нақты тізімі 2021 жылға арналған бюджет бекітілгеннен кейін анықталады», — деді Қостанай облысы әкімідігінің білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова.