Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кира ГАРТМАН: Абайдың өлеңдерін оқып өстім

Қостанай облысы ПД қызметкері мемлекеттік тілді білу байқауының қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Полиция аға лейтенанты Кира Гартман «Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауда екінші орынды иеленді. Конкурс мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша онлайн режимде өткізілді, оған мемлекеттік қызметте жүрген өзге ұлт өклідері қатысты. Бұл байқауда бас-аяғы 17 үміткер бақ сынады.

Қостанай облысы Полиция департаментінде ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері Кира Гартман 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол М.Есбулатов атындағы Алматы Академиясын бітірген.

Кираның мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы бала кезінен оянған. Кейін Қостанай қаласының «Озат» мектебінде білім алған. Ол қазақ тілі бойынша барлық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрді. Қазір аға лейтенант өз білімін мемлекеттік тілде жетілдіруді жалғастыруда. Кира облыстық «Тілдарын» орталығында тілді тереңдетіп оқыту бойынша латын әліпбиін оқып жатыр. Дәл осы жерде оқып жүргенде аға лейтенант байқауға қатысуға өтініш берді.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда Кира Гартман өзін бейнебаян арқылы таныстырды. Полицей өзі туралы, полициядағы жұмысы туралы, өзінің қызығушылығы туралы мемлекеттік тілде айтып, мәнерлеп өлең оқыды. Қатысушы қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығын ерекше жақсы көретінін атап өтті. Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге белсене қатысты.

— Абай Құнанбаевпен және оның бай мұрасымен танысу қазақ әдебиетінің көптеген шығармаларын оқуға деген құштарлықпен байланысты, — дейді К.Гартман.

Екінші турда қызметкер тікелей эфирде қазылар алқасына еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен қостанайлық полицей үздік атанды.