Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шығыс мәдениетінің шырағы

Қостанай облыстық ассамблеясы ұйымдастырған мәдени онлайн іс-шараға Қостанай, Тараз, Ақтау, Орал, Павлодар қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысты. Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды шара әр өңірдегі өнер ұжымдарының шығармашылық әлеуетінің артуына, сонымен қатар өзара мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

– Тарихты алып қа­расақ, қазақ, өзбек, тәжік жұр­тының түп тамыры бір. Біз­ді ортақ тарих, ортақ құн­дылықтар, өзара құрмет пен се­німге негізделген дос­тық қа­рым-қатынас бірік-­тіреді. Біздің ұлттық бір­лес­тік­­тің он бес жылдан астам тарихы бар. Біз Елбасымыз Н.Назарбаев­тың көреген саяса­ты­ның негізінде жиырма бес жыл бұрын құрылған тату­лық пен ке­лісімнің қара ша­ңырағы – Қазақстан халқы ассамблея­сында да бір­лікте өмір сүріп келе­міз. Со­ның арқасында Өз­бекс­тан мен Тәжікстан елдері­нің салт-дәстүр, әдет-ғұрып­тарын танытып, ұлттық ерек­ше­лік­терімізді сақтауға тырысамыз, – дейді «Шарқ» этномәдени бірлестігінің ақ­сақалы Хамид Ёрибеков.

Қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бө­лімінің басшысы Юлия По­но­мареваның сөзінше, шығыс мәдениетінің «Жібек жолы» фестивалі былтыр жүзеге асы­­рылған жоқ. Сол себепті би­ыл­ғы іс-шараны жоғары дең­гейде өткізудің маңызы зор.

– Онлайн іс-шараны өткізу үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерпаздарды тарт­тық. Ақтау қаласының «Экзотика» би ансамблі иран халқының «Бахрам» биін, Орал қаласының әртіс­тері өз­­бек халқының «Хо­резм» биін, Павлодар қала­сының «Эвришим» ансам­блінің би­­шілері ұйғыр халқының «Гульдәк жананла» биін, Тараз қаласының «Инфинити» би ұжымы өзбек халқының жа­лынды биін паш етсе, жер­гілікті «Алтынай» би ансамблі мен Достық Үйінің «Indigo» хо­реографиялық ұжымы кө­рер­мендерді мың бұралған биімен тәнті етті. «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бір­лестігінің белсенді мүшесі Анвар Оспанов және «Асем-бэнд» би ұжымының жеке орын­даушысы Камиля Жуну­сова өзбек тілінде әуелете ән шыр­қады. Достық Үйінің көр­­кемдік жетекшісі Мария Кубжасова баршаға танымал «Шайхана» әнін нақы­шына кел­тіре орындап, тыңдар­­мандардың ыстық ықы­ласына бө­ленді, – дейді Юлия Поно­марева.

Жоғарыда аталған шығармашылық нөмірлерді қамтитын концертті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми YouTube арнасынан көруге болады.