Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Үміткерлер анықталды

Қостанай облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер анықталды. Қостанайда «Nur Otan» партиясының  Қостанай облыстық филиалының  кезектен тыс XXVIII  конференциясы өз мәресіне жетті.

Іс-шара барысында мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру рәсімі өтіп, конференцияға қатысушы делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 23 үміткерге дауыстарын берді. Үміткерлер ішінен 150 делегат лайықтыларды анықтап, әрбір делегат бірнеше дауыс бере алды. Яғни, әрбір делегат бір үміткерге немесе тізімдегі барлық үміткерге дауыс беруге мүмкіндігі болды. 

«Биылғы жылы партия тарапынан ауқымды жұмыс жасалып отыр. Жақында ғана партияішілік сайлау – праймериз өткен болатын. Соның жалғасы ретінде бүгінгі конференциямызды өткізгелі отырмыз. Жалпы, праймеризге қатысу үшін облыста 843 адам тіркелген. Соның ішінде 43% (362) әйелдер, 30% (249) 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы — 43 жас. Бастауыш партия ұйымдарынан 244 азамат ұсынылды, өзін-өзі ұсынды — 600 адам » — деді өз сөзінде облыс әкімі, «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасы Архимед Мұхамбетов.

Партияның кадрлік резервінен 584 (69,2%) адам ұсынылды. Тіркелген кандидаттардың 31% -ы немесе 260 адам жаңа тұлғалар.Науқан аясында 7 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 81 мың адам қамтылған.

Онлайн дауыс беру алдында барлық кандидаттар пікірсайысқа қатысты. Пікірсайыс барысы партияның облыстық филиалының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетілді. Үш минут ішінде үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларының басымдықтары туралы айтып, содан кейін бір минут ішінде әріптестерінің сұрақтарына жауап беруі керек болды.

Жалпы, праймериз кезінде оның қатысушылары 800-ге жуық бағдарлама әзірледі, олардың әрқайсысында азаматтардың өмірін жақсарту бойынша нақты ұсыныстар бар. «Nur Otan» партиясының бағдарламасына БПҰ-ның партияішілік іріктеу қатысушылары мен еңбек ұжымдарының сапары кезінде алған ұсыныстары да енгізілді.

Конференция делегаттарының онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинағандар қатарында: Екатерина Смышляева- 144 (дауыс), Самат Акишев (128), Кырмызы Жанбыршина (103), Адиль Агайсин (91).

Айта кететін жәйт, конференция санитарлық-эпидемиологиялық қатаң сақтай отырып өтті. Сондай ақ оның барлық қатысушылары міндетті ПЦР сынағынан өткен болатын.