Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірде өсім бар

Қостанай облысының агроөнеркәсіп саласы биылғы он айдың ішінде 515,1 млрд теңгенің тауарын өндіріп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ауқымды қолдау шараларының маңызы зор. Таяуда аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласының жұмысы қорытындыланды.

Биыл жыл басында облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға субсидия және бюджеттік несие түрінде 38,4 млрд теңге бөлінген. Егін шаруашылығына 13,8 млрд теңге, мал шаруа­шы­лығына 6,9 млрд теңге бөлі­ніп, өзге бағыттарды дамы­ту­ға 17,7 млрд теңге тиген. Маман­дардың айтуынша, биыл ауыл шаруа­шы­лы­ғына мемлекет өткен жылмен салыстырғанда 5,4 млрд теңге көп қаржы бөліп отыр.

Мәселен, шаруашылық құры­лым­дары көктемгі егіс жұмыс­тарын өткізуге жалпы сомасы 29,4 млрд теңге несие қаражатын алған. Оның 22,6 млрд теңгесі «Аграрлық несие корпорация­сы» арқылы берілді. Мұның сыртында, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға «Азық-түлік корпорация­сы» арқылы 6,8 млрд теңге бөлінді. Акционерлік қоғаммен келісім-шартқа отырған шаруа­шылықтар бүгінге дейін өзде­рі­не жүктелген астық тапсыру міндеттемелерінің 46%-ын орындады. Бұл бағыттағы жұ­мыс одан әрі жалғасып жатыр.

Биыл облыста 4 млн 51 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себілді. Оның ішінде 3 млн 438 мың гектарға бидай, 640,5 мың гектарға майлы дақылдар егілді. Жыл өткен сайын астық­ты өңірде майлы дақылдар алқа­бының көлемі ұлғайып келе­ді. Салыстырмалы түрде айтсақ, жерді әртараптандыру сая­сатының тиімді жүргізілуі нәтижесінде бір жыл ішінде майлы дақылдар алқабының үлесі 130,4 мың гектарға артып отыр.

– Биыл облыс шаруа­шы­лық­тары арамшөпке қарсы 3,5 млн гектар, басқа да зиянкес өсім­­діктерге қарсы 976 мың гек­­тар алқапты өңдеді. Сондай-ақ 3,2 млрд теңгеге 30,8 мың тон­на жоғары элиталық ре­про­­дукциялы тұқым сатып алын­ды. Көктемгі дән сіңіру жұмыстарына 23,6 мың тонна элиталы тұқым пайдаланылды. Яғни сорт жаңарту көрсет­кіші 4,5%-ға дейін ұл­ғай­­ды. Үстіміз­де­гі жылы 6,1 мың тонна «Тобольск», «Ура­ло­сибирская», «Содыр­жан­ка» тәрізді ресейлік және «Ли­ка­ме­ро», «Тризо» сияқты батыс еуропалық селекцияның эли­та­лық тұқымдары сатып алынды. Биыл ресейлік тұқым­дар­дың өнімділігі әр гектарына 19-дан 38 центнерге дейін, еуропалық сорттардікі 20-дан 27 центнерге дейін артты. Отандық сорттардың ішінде «Айна» сор­ты жоғары өнім берді. Мұны Алтынсарин ауданында әр гектар алқаптан 39,5 центнер өнім алған «Айдала» ЖШС дәлелдеп отыр. Ал Қарасу ауданының «Талах» шаруа қожалығында «Любава 5» сортының өнімділігі гектарына 38 центнерге дейін жетті, – деді облыс әкімінің бірін­ші орынбасары Ғауез Нұрмұхаметов.

Жергілікті шаруашылықтар техникалық паркті жаңарту барысында да мемлекет қол­да­уына арқа сүйеп келеді. Әсі­­ресе, лизинг бойынша бері­ле­тін техниканың пайыздық мөлшерлемесінің 10%-ға субсидиялануы диқандардың жаңа техникаға қол жеткізу мүм­кін­ді­гін арттырып отыр. Мәсе­лен, материалдық-техни­ка­лық базаны қайта жарақ­тан­дыру мақсатында биыл алғаш­қы он ай ішінде 22,1 млрд теңгеге 1,1 мың техника сатып алынды. Дәлірек айтқанда, облыс шаруашылықтарының техникалық паркі 227 трактор, 238 астық жинайтын ком­баин, 47 егіс кешенімен то­лықты. Қостанайда шыға­тын ауылшаруашылық техни­ка­ла­рының да үлкен сұранысқа ие еке­нін айта кеткен жөн. Соң­­ғы екі жылда жергілікті за­уыт­­та 687 «Есіл» комбайны, 201 «Кировец» тракторы, 431 «Ловол» тракторы, 841 «МТЗ» құрастырылды. Нәтижесінде, облыстың машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 2,7 пайызға өсті.

– Біз 6600 га алаңда егін шаруа­шылығы өнімдерін өсі­ре­міз. Ұжымда тұрақты не­гіз­де 15-17 жыл бойы 32 адам жұмыс істейді. Техниканы үне­мі жаңартып отырамыз. Биыл «Партнер» егіс кешені, «Есіл» астық жинау комбайндары, басқа да техника түрлері сатып алынды. Енді тіркемесі бар КаМАЗ, К-742 тракторы, ком­байндар, себу агрегаттары, тіркеме құралдарын сатып алуды көздеп отырмыз. Машина-трактор паркінің 70%-ын жаңарттық. Шаруашылықтың өзінің жөндеу шеберханасы, қырман шаруашылығы, асфальтталған алаңдары бар 5 мың тонна астыққа арналған қойма бар. Асхана, жатақхана, монша жұмыс істейді. Біз инвес­тициялық субсидия түрін­дегі мемлекеттік қолдау бағдар­ла­маларын қолданамыз, онда бізге техника құнының 25%-ы өтеледі. Гербицидтерді, элиталық тұқымдарды сатып алу субсидиялануы қуантады. Бұл мемлекет тарапынан айтар­лықтай көмек. Соңғы екі жылда бидай бағасы өсіп келе­ді. Бұл техникалық паркті жаңар­ту­ға және механизаторлар жала­қы­сының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл шаруа­лардың орташа жалақысы 120-140 мың теңгені құрады. Қызметкерлерге ақы төлеу бойынша тарифтерді жыл сайын арттыру жағына жіті көңіл бөлеміз, – дейді Арқалықтағы «Асар-1» ЖШС директоры Николай Поспелов.

Дәнді дақылдардан жинал­ған өнімге, көп жағдайда, агро­­тех­но­логиялардың жо­­ға­ры деңгейінің, егіс алаң­дары құрылымын әрта­рап­тандырудың, саланы цифрландырудың арқасында қол жетіп отыр. Өңірде 250 мың тонна майлы дақылдар, 64 мың тонна картоп, 8,4 мың тонна көкөніс жиналды. Соның нәтижесінде облыс халқы азық-түліктің негізгі түрлерімен жет­кілікті мөлшерде қамтылды.

Соңғы жылдары өңірдегі мал шаруашылығы саласы оң өзгерістерге толы. Төрт түліктің саны өсті. Өндірістік сектор нығайды. Бүгінде облыс бойынша 1359 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны мал өсіреді. Отыз үш шаруашылық сүт өндірумен айналысады. Соның оны – ірі сүт-тауар фермасы. Мәселен, биыл Федоров ауданында ашылған «Бүркіт» ЖШС-де күніне жүз сиыр сауылады. Жыл соңына дейін Жітіқара ауданының «Шаденов» шаруа қожалығында 80 басқа арналған тағы бір сүт-тауар фермасы ашылатын болды. Қостанай ауданының «Аққұдық» ЖШС-де сүт-тауар фермасын 140 басқа кеңейту жоспарланған. Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту үшін облыста бір мезгілде 26 мың малға арналған бірінші деңгейдегі мамандандырылған бордақылау алаңдарының желісі құрылды.

Арқалық қаласында бес мың ірі қараға арналған бірінші дең­гей­­де­гі төртінші бордақылау алаңы­­ның және 2,5 мың басқа ар­налған асыл тұқымды репро­дук­­тордың құрылысы басталды. Ны­сан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Ет өңдеу көлемін арттыру, экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында Қостанай қаласында «Биф Экспорт Групп» ЖШС жылына 20 мың тонна ет өңдеу зауытын салады. Жобаның құны 5,7 млрд теңге. Өндіріс орны ашылғанда 184 адам жұмыспен қамтылмақ. Жаңа кәсіпорын жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл ет өнімдерін қайта өңдеуді 30% — ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі биыл ауылшар­уа­шылық саласының жалпы көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінен әлдеқайда жоғары екенін, алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайтынын, алда қандай күрделі жағдайда да жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндет­тер күтіп тұрғанын айтты.

– Өсірілген өнімнің көле­мі облыстың азық-түлік қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы нарықтарға өткізу үшін жеткілікті. Облыстың мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және іске қосу жалғасуда, қосылған құны бар тауарлар шығаруды одан әрі ұлғайту, оның ішінде астықты терең өңдеу бойынша өндірістер ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жақын арада өндірісті одан әрі жаң­ғыр­ту, кәсіпорындардың бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыру, облыс­тың экспорттық әлеуетін арт­тыру міндеттері тұр, – деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс елімізде ұн өндіру жөнінен бірінші, сүт бойынша екінші, сары май, йогурт, жарма, макарон өнімдерін өндіру бойынша үшінші орын алады. Соны көрсеткіш агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін артта түскенін көрсетсе керек. Биыл 247 млн АҚШ долларынан астам ауылшаруашылық өнімдері экспортқа шығарылды. Облыс тұрғындарын әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­ларымен үздіксіз қамта­ма­сыз ету үшін бағаны тұрақ­тан­дырудың маңызы зор. Өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, сауда желілерін жеңілдікпен кредиттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Тұтастай алғанда, облыстың әлеуеті ішкі азық-түлік нары­ғы­ның тұрақтылығын және оны қолжетімді азық-түлікпен кепілді молықтыруды толық қамтамасыз етуге қауқарлы екенін дәлелдеп отыр.