Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аймақта ахуалы тұрақты

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндады.

Қостанай облысында биыл 4 млн тонна астық жиналды. 

«Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты саналады. Оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 11,2 пайызды құрайды. Салада 126 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биыл жалпы егістік алқабының аумағы 5,3 млн гектарды, оның ішінде астық және дәнді-бұршақ дақылдары 4,1млн гектарды құрады. Егістік алқаптары құрылымын әртараптандыруды жалғастыру аясында майлы дақылдар алқабы 640,5 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 132,5 мың гектарға көп. Жалпы бастырылған астық көлемі 4 млн тоннаны құрап, өнімділік гектарына 10,2 центнерден болды», — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, ол биыл мемлекеттік қолдау шараларымен негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары және мал шаруашылығы қамтылғанын айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 38,4 млрд теңге жұмсалғанын атап өтті.

«Қайта өңдеуші кәсіпорындар 202 млрд теңгеге тауарлық өнім өндірді. өсім 24 пайызды құрайды. Бұл ретте сары май өндіру 19, ірімшік пен сүбе 44, сүт және қоюландырылған сүт 49, шұжық өнімдері 10, консервілер 84, ұн 18, жарма 27, өсімдік майы 17 пайызға артты. Ет өндірісі 6,3 пайызға және сүт 1,7 пайызға өсті. Жыл басынан бері өсімдік майы экспорты 4 есе артып, үн экспорты 20 пайызға өсті. 800 мың тонна астық пен 572 мың тонна ұн экспортқа шығарылды», — деді Архимед Мұхамбетов.

Биыл Қостанай облысында 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

«Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 305,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына 31,2 млрд теңге инвестиция құйылып, өсім 22,1 пайызды құрады. Облыс орталығында «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарының құрылысы аяқталуда. Аталған шағын аудандарды ауданы 478 мың шаршы метр болатын 80 үй салынды. 2021 жылға арналған жоспарда осы шағын аудандарда тағы 8 үй салу көзделген», — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ол облыс орталығында «Қонай» және «Береке» шағын аудандарының игеру басталғанын айтты. Бұл шағынаудадардыаумағы 503,7 мың шаршыметр болатын 102 үй салынады. Мұнан бөлек жеке тұрғын үй құрылысы үшін ауданы 210 шаршы метр болатын 2 мыңнан астам жер телімі бөлінген.

«Тұрғын құрылысының жаппай белең алуына «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ филиалының да сепрін бергенін атап өткен жөн. Соңғы 3 жылда депозиттік қоржыны 2,1 есеге артты. Жылбасынан бері 665 кредиттік пәтер сатылды. Бұл республикадағы көшбасшы позиция саналады», — деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, өңірдегі елді мекендердің 61,7 пайызы немесе 174 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылғанын айтты.

«9,6 млрд теңгеге ауылдарды сумен жабдықтауға арналған 37 жобаны жүзеге асыру алғаш рет 10,5 мың адам тұратын 13 елді мекенді орталықтандырылған жүйеге қосуға, 14 ауылда сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік берді», — деді ол.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Президент сынына жауап берді. Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола сынды бірқатар облыста коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларын жасыру фактісі орын алғанын айтқан болатын. Осы мәселеге қатысты түсініктеме берген өңір басшысы әрбір жекелеген жағдай зерделенетіндігін айтады.

«Әзірше, есепке алынбай қалған 50-ден астам жағдай бар. Бұл көрсеткіш өзгеріп, өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сол себепті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші себебі — зерттеу жүргізетін зертханалар нәтижелерді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне кеш береді. Сондықтан ол сол күннің есебіне алынбай келесі күнге жазылады. Екінші себебі — КВИ-дің оң нәтижесі шыққан адамдарда негізінен теріс нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты даулы жағдай туындады», — деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, аталған адамдар, олармен байланыста болған адамдар бақылауға алынып, оқшауланған.

«Бұл орайда барлық мәселе бақылауда тұр. Біз қызыл аймақтамыз. Дегенмен, соңғы күндері төмендеу байқалып отыр», — деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус жұқтыру жағдайларының неліктен жиілеп кеткендігін түсіндірді.

Әкімнің атап өтуінше, биыл өңірде денсаулық сақтау саласын дамытуға 78 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылы жұмсалған қаражаттан 1,5 есеге көп.

«COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай сын-тегеуірінге айналып отыр. Бұл бағытта біздің атқарар істеріміз де көп десек болады. Облыста коронавирус инфекциясының 4 913 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта науқастарды емдеу ісіне 19 стационар жұмылдырылып, оларда 967 төсек-орын әзірленген. Қажеттілік туындаған жағдайда төсек-орын санын 3 мыңға жеткізе аламыз. Бүгінде төсек-орындар жүктемесі 33 пайызды құрайды», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол өңірде коронавируспен ауырған тұрғындар санының неліктен артып отырғандығын түсіндіріп берді.

«Коронавируспен ауру өсімі ең алдымен Ресей Федерациясымен шектесуімізге байланысты болып тұр. Қазіргі уақытта ол жақта коронавируспен ауру өсімі жоғары екені белгілі. 1,5 мың шақырымға созылатын шекарада 7 автомобиль өткелі бар, оның төртеуі негізгі саналады. Олар арқылы тек 6 қазанда ғана шамамен 30 мың адам келді. Бұл республикаға автомобиль өткелі арқылы өткен барлық жолаушының 15 пайызға жуығын құрайды. Сырттан келгендерүшін 412 төсек-орын бар 6 карантиндік стационар әзірленген. Оларға ПТР теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жолаушылар жатқызылады», — деді Архимед Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетек, Қостанай облысында коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты 9 қарашадан бері 3 аптаға карантин шаралары қатаңдатылған болатын.

Сондай-ақ, өңір басшысы Қостанай облысындағы барлық мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылғанын айтты. Аймақта барлық мектептер кеңжолақты интернетке қосылған.

«Білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келе жатыр. Тек осы жылы ғана оның көлемі 1,5 есе артып, 122,8 млрд теңгені құрады. Биыл Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында 320 орынға арналған мемлекеттік тілде білім беретін мектеп ашылды. Желтоқсанда Қостанай қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін 1200 орындық мектеп «Юбилейный» шағын ауданында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қарасу ауданының Қарасу ауылында мемлекеттік тілдегі 320 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр», — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, биыл өңірде білім беру нысандарын жөндеуге 11,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған сомаға 133 мектеп күрделі және ағымдық жөндеуден өткізілді. Мектептердің барлығы бейнебақылау жүйесімен толық қамтылды. Оған облыс бюджетінен 187,2 млн теңге жұмсалды.

«2020 жылы білім беру саласында коронавирустың таралуына қарсы күресті күшейту аясында 94 мың мектеп оқушысы мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 20 мыңнан астам студенті қашықтан оқытуға көшірілді. Қашықтан оқытуға сапалы жағдай жасау мақсатында 3,8 млрд теңгеге 21 мың компьютер сатып алынды. Педагогтардың компьютерлік техникамен қамтамасыз етіулі 100 пайызды құрайды. Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептер кеңжолақты интернетке қосылған», — деді Архимед Мұхамбетов.