Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауқымды жұмыс атқарылды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ішкі істер органдарының халықпен тығыз қарым-қатынастың сервистік моделін енгізіп, ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Тиісінше, бұл – азаматтардың сенім деңгейін арттыруға және «кері байланыс» орнатуға бағытталған кешенді шара болмақ.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында полиция жұмысы ашықтыққа негізделуі тиіс деген міндет қойды. Осы міндетті іске асыру үшін Қостанай облысы әкімдігі соңғы жылдары 8 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Биыл полиция департаментін материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,7 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында байланыс құралдары, бейне бақылау камералары, заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің стационарлық кешендері сатып алынды. Жалпы полицейлер қоғамның әр саласында үлгі болуы тиіс. Осыны үнемі есте сақтауларыңыз қажет», — дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Қостанай облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов өңірде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Атап айтқанда кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және ұрлық қылмыстары азайған. Тек «Автоураган» жүйесінің көмегімен өткен жылы 66 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.

2020 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың анықталу деңгейі 100%-ға жеткен. Заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі тәркіленді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қылмыстық істердің 85%-ы электрондық форматта тергеліп жатыр. Бұл үшін облыстың тергеу және анықтау бөлімшелері қажетті техникамен және арнайы құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. Кездесу барысында облыс әкіміне бірнеше сұрақ қойылды.

Қостанай қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Талғат Жүсіпов Қостанайда жаңа шағын аудандар салынып жатқанын алға тартты. Соған сәйкес учаскелік полиция пункттерін салу қажеттігі туындап отыр. Бүгінде Қостанай қаласында полицияның бес тірек пункті қажет. Бұлар Қонай, Әуежай, Береке, Орталық базар мөлтек аудандары мен Дружба ауылында орналасады.

Архимед Мұхамбетов бұл мәселені бақылауға алатынын айтты. Кездесу соңында патрульдік полиция қызметкері Бағдат Бейсенов өңір басшысына ішкі істер органдарының қызметкерлерін қолдағаны үшін алғысын білдірді.