Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Рудныйда нұротандықтар медицина қызметкерлерінің тілегін тыңдады

Партия өкілдері өңірде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Талғат Кайкенов және Ерлан Дастанұлы Алькенов Рудный қаласының медицина қызметкерлерімен кездесті.

Депутаттыққа үміткерлер ұжымға партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын және партияның жұмыс жоспарын ұсынды және «Nur Otan» партиясы қызметінің басты басымдықтары және оның құндылықтары әрқашан адам, оның лайықты өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты болып қала беретінін айтты. Сондықтан сайлауалды бағдарламада Денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, материалдық-техникалық жабдықтандыру проблемасын шешу үшін алдағы 5 жылда коронавирустық инфекциямен күресуге бағытталған материалдық-техникалық жабдықтандырумен, дәрі-дәрмек заттарымен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін болады. Сондай-ақ, қызметтік тұрғын үй ұсыну немесе жалдамалы тұрғын үйді жалға алу және көтерме жәрдемақы төлеу арқылы облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жас мамандарды қайтару есебінен, 25-ке жуық дәрігер тартылатын болады.

Сөз сөйлеу соңында Талғат Кайкенов пен Ерлан Алькенов жиналғандардың бәрін 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

Рудный қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлау алдындағы үгіт іс-шараларының заңдылығы мен регламентінің сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Барлық талаптар орындалды.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді