Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Келешек ұрпақ қамы үшін…

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы жоғары медициналық колледжі студенттері жатақханасының және шаңғы базасының ашылу рәсіміне қатысты.

1500-ге жуық студент білім алатын Қостанай жоғары медициналық колледжіне жатақхананың қажеттілігі туралы мәселе көтеріліп келген еді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқу орны Студенттер үйін пайдалануға беріп отыр. Қазір мұнда шәкірттерді бес мамандық, сегіз деңгей бойынша оқытады. Жатақхананың ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бұл нысанның Елбасының тікелей тапсырмасымен бой көтеріп отырғанын айтты.

«Жаңа жыл қарсаңында колледж студенттері өз баспанасына көшуге мүмкіндік алды. 250 орынға арналған жатақханаға ең алдымен көп балалы отбасылардан, жетім балалар, І және ІІ топтағы және кәмелетке толмағандар орналастырылады. Ауылдық жерлерден және өзге облыстардан келген студенттерге арнайы орындар қарастырылған. Нысанның бүгінгі жағдайымен танысып шықтым, құрылыс жұмыстары сапалы орындалған. Қоныстанып жатқан шәкірттермен жолықтым. Жатақхана заманауи жабдықтармен, ас үй, оқу залы, жуыну бөлмелерімен жарақталған. Қауіпсіздік жағы ерекше қадағалауда. Бұған дейін пәтер жалдап келген шәкірттер енді мұнда тегін тұрады. Ең бастысы, жатақхана колледж ғимаратының дәл қасында орналасқан», — деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Аймақ басшысы атап өткендей, биыл Қостанай автомобиль көлігі колледжінің жанынан 500 орындық жатақхана құрылысы басталды. Сонымен қатар Қостанай жоғары политехникалық колледжі жанынан 500 орынға арналған жатақхана пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Қостанай облысында шаңғы базасы ашылды. Мұндай жаңалықты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жеткізді. «Бүгін Қостанай қаласында шаңғы базасының ашылуына қатыстым. Шаңғы базасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Қостанай облысы Қазақстан Республикасында қысқы спорт түрлерінде жетекші орынды иеленеді, қостанайлық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысу үшін Ұлттық Олимпиада құрамасына тұрақты түрде кіреді» деп жазды аймақ басшысы Instagram.

Базада ұзындығы 2500 метр сапалы жарықтандырумен асфальтбетон жабыны бар шаңғы-роллер трассасы жабдықталған. Бұл жыл бойы оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, душ бөлмесі бар алты шешіну бөлмесі, әмбебап тренажер залы, массаж кабинеті бар қалпына келтіру блогы, медициналық кабинет және тамақтану пункті бар әкімшілік корпус салынды.

«Шаңғы базасы 300-ден астам балалар мен жасөспірімдердің спорт шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысушы жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға серпін береді» дейді Архимед Мұхамбетов.