Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Оқыту форматындағы өзгерістер

Қостанай облысының мектептерінде ата-аналардың келісімімен оқушылар үшін қосымша сабақтар өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова айтты.

Басқарма басшысы айтқандай, 3-тоқсандағы оқыту форматында бірқатар өзгерістер бар. 9, 11 сынып оқушыларының аралас оқыту форматына көшуі қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу дайындығына негізделген. Қазір бұл сыныптар ата-аналардың келісімінсіз аралас форматта жұмысқа кірісті.

-Қашықтан оқытуды 114 мектеп жүзеге асырады. Мұнда 38,5 мыңға жуық оқушы білім алады. 3-тоқсанда 6 мектептің жанындағы интернаттың жұмысы қайта жалғасады. Сондай-ақ, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары да білім берудің қалыпты жүйесіне көшті. Осы тоқсанда ата-аналар және педагогтардың келісімімен саны 5 балаға дейінгі топтарда қосымша сабақтар өткізілуі мүмкін. Бұдан бөлек сабақтан тыс уақытта жеке консультациялар ұйымдастырылады. Мұның бәрі осы уақытқа дейін жіберілген олқылықтардың орнын толтыру үшін жасалып отыр, — дейді Зәуре Бәйменова.        

Облыс колледждерінің студенттері үшін де оқыту форматы өзгерді. Екінші семестрде колледждердің бірінші курс студенттері штаттық форматта оқуға көшті. Өйткені олар үшін оқытушылар корпусымен тікелей жұмыс істеу маңызды.

-Мектепке дейінгі балалар ұйымдары жұмысын кезекші топтар форматында жалғастыруда. Қаулыға сәйкес топтарда шұғылданатындар саны 15 адамнан аспайды, жұмыс режимі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін белгіленді. Балалар секцияларының, үйірмелердің, факультативтердің жұмысына демалыс және мереке күндері рұқсат берілмейді, — деді басқарма басшысы.