Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жалпұлттық басымдықтар» құралы енгізіледі

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне «Жалпыұлттық басымдықтар» құралы енгізіледі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтып берді.

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысты жаңа тәсілдерді әзірлеудің негізгі міндеті – оның тиімділігін күшейту болды. Мәселен, бірінші деңгейдегі құжаттар елдің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі даму болжамын айқындайды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын елдің негізгі құжаты саналады. Осыған байланысты ұзақ мерзімді құжатты іске асыру үшін Жалпыұлттық басымдықтар құралы енгізіледі, ол «Қазақстан – 2050» стратегиясы болжамын қысқа мерзімде іске асыру үшін (2025 жылға дейін) негізгі басымдықтарды біріктіретін және айқындайтын бірыңғай инклюзивті платформа болады», деді Қайрат Келімбетов.

Қайрат Келімбетов атап өткендей, «Ұлттық даму жоспары», «Өңірлік даму жоспары», сондай-ақ «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» орталық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік аппараттың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын болады. Аумақтық даму жоспары елдегі әрбір өңірдің бәсекелік артықшылықтарын ашуға бағытталады. Сондай-ақ жобалық тәсілге сәйкес барлық сипаттамалары бар ұлттық жобалар құралы енгізілетін болады.

Екінші деңгейдегі құжаттар өңіраралық мәселелер бойынша да, салалар арасындағы мәселелер бойынша да жүргізілетін саясатты айқындайтын болады.

Үшінші деңгейдегі құжаттар – іске асыру құжаттары болады. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың даму жоспарлары, Өңірлерді дамыту жоспарлары жоғарыда тұрған құжаттардың міндеттерін іске асыру жөніндегі тетіктерді көрсетеді. Осылайша, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық басымдықтары мен пайымын орындауға тоғыстырылатын үш деңгейдегі барлық құжаттар арасында нақты өзара байланыс орнатылады.

«Осыған байланысты, Үкіметтен Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Үкімет қаулысы түрінде бекітуді сұраймыз. Жалпыұлттық басымдықтардың құрамында үш бағыт бойынша (институттар сапасы, азаматтардың әл-ауқаты және күшті экономика) 10 негізгі басымдық бар. Қазіргі уақытта Жалпыұлттық басымдықтар бойынша Президент Жарлығы жобасы мемлекеттік органдарда мақұлдауда жатыр. Оны мемлекеттік органдардың белгілі бір бөлігі мақұлдады, қалғандарынан да жақын арада қарауды сұраймыз. Жалпыұлттық басымдықтар туралы Жарлық жобасын 2021 жылғы 10 ақпанға дейін қол қоюға енгізу қажет деп санаймыз», деді Қайрат Келімбетов.