Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Отбасы help» фронт-кеңсесі ашылды

Мұндай орын біздің өңірде әзірге жалғыз. Кеңсе ашудағы негізгі мақсат – ерлі-зайыптыларды ажырасып кетуден аман алып қалу.Өкінішке қарай, шаңырақ құра сала ажырасып жатқан отбасылар өте көп.

Мұндай іспен жиі кездесетін сот орындаушылардың өңірлік палатасының төрайымы Несібелі Бәсенова оларға қалай көмек беріп, қандай жолмен отбасын сақтап қалуға болатынын көптен ойланып жүріпті. Нәтижесінде фронт-кеңсе ашты. Бұл жерде жұбайларға кеңес беріп, туындаған қиындықты жеңуге серпін беретін, түрлі отбасылық мәселелерді шешуге көмектесетін мамандар жұмыс істейтін болады.

Дерек үшін айта кетсек, Қостанай қалалық сотының төрағасы Қанат Шакаровтың мәліметінше, егер 2019 жылы қалалық сотқа ажырасу туралы 1400 өтініш берілсе, 2020 жылы 1100 арыз түскен. Мамандар мұны ерлі-зайыптылармен жұмыс істеп, татуласуға жетелеу әрекеттерінің нәтижесі деп отыр.

— Біз өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсетеміз. Ерлі-зайыптылардың махаббаты мен бір-біріне деген құрмет сезімін естеріне түсіріп, басты байлық отбасы, бала екенін түсіндіруге тырысамыз. Әрине, біз психотерапевтердің, наркологтардың, заңгерлердің көмегін ұсынамыз, жұмысқа орналасуға жәрдемдесіп, жас отбасылар, келіндер үшін түрлі тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Ажырасуға түрлі себеп түрткі болып жатады. Бірақ кейінгі кезде тым көбейіп кеткені алаңдатады, — дейді аталмыш фронт-кеңсенің басшысы Несібелі Бәсенова.

Ашылу салтанатында фронт-кеңсе басшысы мен Қостанай қалалық сотының төрағасы Қанат Шакаров ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ойды қолдап келген басқа серіктестер де жәрдем беріп, алдағы уақыттарда бірлесе жұмыс жасайтын болады.