Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Инклюзивті білім берудегі жаңа технологиялар

Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірибе өз арсеналында уақытылы диагностикалау мен тіл кемшіліктерін түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету – дамыту технологиялары бар.

Адамның дамуы педагогикалық санада мен әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты түсінік қалыптасқан. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді қолайлы жолдарын іздеу тоқталмайды.

Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерекше білім алу қажеттіліктері адамға білім беру процесінде арнайы педагогика әртүрлі оқыту, тәрбиелеу, түзету тәсілдерін пайдаланады.

Педагогика, психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде логопед – мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын, ең тиімді, логопедия үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады. Бұл әдістерді логопедияда дербес қарастыруға болмайды, педагог пен баланың қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны тудырады, жұмысқа сақталған психикалық функциялады қосуға және ауытқыған психикалық функцияларды белсендендіруге септігін тигізеді және олар көпшілік мақұлдаған технологиялардың бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда әр түрлі авторлар инновациялық технологияларға жататын біршама әртүрлі технологиялар қатарын атап көрсетеді. Олардың кейбіреуін мен өз тәжірибемде табысты қолданып жүрмін және өз бақылауларыммен бөліскім келеді.
Өз тәжірибемде қолданылатын заманауи логопедиялық технологияларды тек дәстүрлі әдістер кешенімен қатар қолданғанда тиімді деп санаймын

Қол саусақтарына массаж жасау;

Аромотерапия;
• Құм терапиясы элементтері;

• Кинезиологиялық жаттығулар;

• Түсті терапия;

• Ақпараттық технологиялар.

  Қол саусақтарына массаж жасау кезінде әртүрлі материалдар қолданылады: мысалы су-джок терапия асапаптары, сипалап ұстағанда тегіс және кедір-бұдыр кішкентай және ірі тастар, табиғи материалдар (қарағай бүршіктері), белгілі бір материал (мата, құрылымы әртүрлі жіптер жүн, тері, сіріңке, балауыз тамшылары,  мақта және т.б.) жабыстырылған карточкалар.
  Логопедиялық сабақтарды біртіндеп құмсалғышқа ауыстыру үйреншікті оқыту формаларына қарағанда, көбірек тәрбиелік және білімдік нәтиже береді. Баланың жаңаны білу, өз бетімен жұмыс жасау ықыласы, және тәжірибе жасау және арттырады, «қол интелекті» негізінде тактилді сезгіштік дамиды. Құммен ойнау кезінде баланың барлық танымдық функциялар (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау) белсенді дамиды, ал біз үшін ең бастысы – сөйлеу мен моторика. Сонымен қатар, пән – ойын әрекеті жетіледі, ол өз кезегінде сюжетті – рөлдік ойындарды және баланың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді. Мен құмды ұнтақ жармасымен алмастырамын, ал ыдыс ретінде пластик науаны пайдаланамын.

            Логопед сабақтарында қолданылатын құммен ойындар дақолданылады. Құмға алдымен саусақпен, сосын таяқшамен жазбаша және баспа әріптерімен сөздер жазуға болады. Құм баланың жұмысқа қабілеттілігін ұзақырақ сақтауға көмектеседі. Құмдағы жіберген қателерді қағаздағыға қарағанда түзету оңай. Бұл балаға өзін табысты екенін сезінуге жағдай жасайды.

 Түсті терапия элементтерін қолдану әр баланың көңіл – күйін және жеке жағдайын жақсырақ түсінуге, сабаққа деген позитивті қатынасты дамытуға және оның сөйлеу белсенділігін және коммуникативті мүмкіндіктерін арттыруға септігін көмектемседі.
Аромотерапияны сабақтарымда баланың жүйке жүйесін тыныштандыру, назарды шоғырландыру, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында қолданамын. Хош иісті майшамдар, қытай таяқшалары.

Кинезиологиялық жаттығуларды қолдану есте сақтау, зейін, ойлау, кеңістікте бағдарлануды дамытады, балаға өз денесін басқаруға көмектеседі, сөйлеу белсенділігін арттырады, қарым – қатынаста бастама білдіруге  жағдай жасайды. Түзетуші педагог жұмысында жеке ыңғай табу ең басты болып қалады. Жұмыстың формасы мен тәсілдерін таңдау кезінде осыны есте сақтау қажет.

Логопед маман баламен бір мезгілде шұғылдана отырып, оны дұрыс естуге, демек, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді. Естеріңізде болсын, баланың сөзіндегі бұзылыстарды назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені кез келген ақауды кәсіби логопедтің көмегімен жеңуге болады. Уақытылы және жүйелі логопедиялық сабақтар баланың айтылуын тез түзетуге, барлық мағыналық реңктерді айтуға және өз ойын анық көрсетуге көмектеседі. Логопед маманның баламен түзету жұмыстарды жүргізу кезінде ата-анасының тікелей баламен берілген кеңестер бойынша жұмыстар атқарулары аса маңызды. Баланың сөйлеуінде кез келген ауытқуды назардан тыс қалдырмау керек.

 
Балдырған  ҚОЙБАҒАРОВА, Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің логопеді.