Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Эстафета бастау алды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қостанай облысының 85 жылдығы және Лисаков қаласының 50 жылдығы қарсаңында «Лисаков қаласының Еңбек Даңқы кітабы» эстафетасы бастау алды.

Бұл ақпараттық-насихаттық жобаның мақсаты еңбек адамының бейнесін көрсету, дәстүрді сақтау, жастардың бойына адамгершілік және патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады. Апта басында қалалық мұражайда Еңбек Даңқы кітабын табыстау рәсімі өтті. Кітапті бірінші болып «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының еңбек ұжымы қабылдап алды. Салтанатты шарада қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ғабдрахманов аталған серіктестіктің қызмет жөніндегі менеджері А.Өтешева мен кәсіподақ төрайымы Е.Сидороваларға эстафетаны табыс етті.

Екі аптадан кейін Еңбек Даңқы кітабының келесі беттері «Қазақстан алюминий» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы Лисаков филиалының үздік қызметкерлерінің бейнесімен, жетістіктерімен толыға түсетін болады. Айта кету керек, игі шара 2021 жылдың 1-желтоқсанына дейін жалғасады.