Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Торғынбектің төртінші жеңісі

Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы, WBC және WBO белбеулерінің иегері Торғынбек Әміров кезекті жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Кәсіпқой бокс кеші 27 ақпанда Алматыда өтті. Осы күні МТК Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпазы Торғынбектің төртінші қарсыласы Айдын Сихымбаев болды.

Төрешілердің ортақ шешімімен жеңіс жерлесімізге берілді.  Айта кетейік, Торғынбек 61,200 келі салмақ дәрежесінде рингке шығып жүр. Әлемдік рейтингте 2 мың боксшының арасында 1082-ші орында тұр. Ал, өз салмағы бойынша жұдықыртасып жүрген қазақстандық 20 боксшының ішінде үздік бестік қатарында. Жаттықтырушысы – Қанат Алтаев. Оған дейін Болат Жұмаділов, Марат Сейітмағамбетов, Дамир Әбдіреш сынды бапкерлердің тәрбиесін көрген. 

«Келісім-шарт жасалғаннан бері Алматы қаласында тұрып жатырмын. Негізі, шарт 3 жылға белгіленген, ол тағы 2 жылға ұзартылады. Жоспарлы межені бағындырған жағдайда шетелге, яғни АҚШ немесе Англияға жол ашылғалы тұр. Ол үшін бірнеше жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетуім керек, – дейді боксшы Торғынбек Әміров.

Оның кезекті жекпе-жегі мамыр айына жоспарланып отыр.