Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алғыс айту парызымыз

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Өйткені қазақ халқының сол бір қиын-қыстау кезеңде олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білгені тарихтан белгілі.

Сондықтанда бүгінде бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанда бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн қиын да күрделі кезеңде еліміз алдында тұрған асқаралы міндеттерді бірлесе отырып еңсеріп, Елбасы басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтың бір-біріне риясыз құрмет білдіретін күн.

Осындай айтулы күні біз кең байтақ елімізде бақытты өмір сүріп жатқан  ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінен «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?» деп сұраған едік. «Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.  

Осы мереке орай, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 бөбекжай — бақшасы» МКҚК «Алғыс айту парызымыз» атты апталық өткізілді.2021 жылдың наурыз айындағы көктемнің бірінші күні ретінде 1-наурыз – Алғыс айту күніне орай, балабақшамыздың барлық топтардың ата-аналар бұрышында қабырға-газеттері ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған құттықтаулар жасалды. Балалар қайырымдылық пен сүйіспеншілік сезімдерін, «Рахмет» деген қасиетті сөзді және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен махаббаты үшін алғыс айтты.

Апталықта жоспар бойынша  «Жүрек бояуларымен сурет саламыз» атты сурет көрмесі, «Алғыс жүректен шығады» деген тақырыпта  «Алғыс хат» поштасы,  «Мен алғыс айтамын!…» тақырыбында тақпақ, өлең  айту, «Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты газет шығару ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер — патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, тәрбиешілерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.

Асыл Уралбаева, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 бөбекжай-бақшасы» МКҚК директоры