Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кейуаналарды құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 100 жастан асқан 3 кейуананы құттықтады.

Облыс басшысы алдымен 103 жастағы Нина Искакованың үйіне бас сұқты. Бүгінде ғасырға әпке болып отырған Нина Степановна әр түрлі мекемелерде жұмыс істеп, кейін 22 жылын ауыл шаруашылығын дамытуға арнады. Зейнеткерлікке шыққан соң да  ұзақ жылдар бойы аула сыпырушы болып жұмыс істеді. Тыл ардагері «Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін» және 1-дәрежелі «Еңбек ардагері»  медальдарымен марапатталған.

Одан кейін әкім 1-қаңтар күні 101 жасқа толған Нұрбике Жанбосынованы құттықтады. Соғыстан кейінгі ауыр еңбек жылдары Науырзым ауданында сауыншы болып жұмыс істеген тыл ардагері мерейтойлық медальдармен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Кейуана аймақ басшысына алғысын айтып, ақ батасын берді.

«Нина Ысқақова мен Нұрбике Жанбосынова сынды әжелеріміз  балаларын еңбекке, ата-бабаларының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеген тамаша ардақты аналар. Олар – аналық құдірет пен даналықтың, табандылық пен отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге, сіздердің туған — туыстарыңызға зор денсаулық, жемісті еңбек және амандық тілеймін. Осы тамаша мереке сіздердің жүректеріңізді жылулық пен шуаққа бөлесін! Кеше Федоров ауданына сапар барысында 103 жасқа толған Ганимуруй Юлдашеваны құттықтадым. Жасы ұлғайғанына қарамастан, жеті бала өсіріп, өмірін темір жолда жұмыс істеуге арнаған Ганимуруй апай әлі де қуатты, құттықтауымды қуана-қуана қабылдады», деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.