Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көлік салығы бойынша берешек – 330 млн теңге

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова мен бас маман Рустам Қадыржанов Өңірлік коммуникациялар алаңында «Көлік құралдарына салық» тақырыбында брифинг өткізді.

Спикерлер өткен жылға есептелген көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керегін ескертіп өтті. Ш.Мұқанованың айтуынша, Қостанай өңірінде 9 792 салық төлеушінің көлік құралдары салығы бойынша 330 млн теңге берешегі бар (2020 жылғы есептеулерді қоспағанда).

«Жеке тұлғалар салықты тұрғылықты жері бойынша төлейді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар»/ «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы, e-Salyk Azamat қосымшасы, 2020 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады», — деп түсіндірді Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.