Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Акция аясында

Қостанай облысының өрт сөндірушілері «30 игі іс» акциясы аясында жалғыз басты қарттардың ауласын қардан тазартты.

 «Дружба» шағын ауданында тұратын зейнеткерге көмекке барған үш құтқарушы аулада жиналып қалған қардышығарып, үйден сыртқы жолға дейінгі аралықты тазартты.

Өрт сөндірушілер биыл жыл бойы жалғыз басты зейнеткерлердің ауласындағы қарды күреп, қысқы отындарын дайындауға көмектесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жеке үйлерді аралап, тұрғындарға медициналық маскалар таратады.

«Акцияның мақсаты – қалада тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, еңбек ардагерлеріне, қолғабыс көрсету. Қайырымдылық шарасына қала тұрғындары да қатыса алады» деп хабарлады облыстық өрт сөндіру қызметінің баспасөз орталығы.