Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен және облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларды үстінен бояу бойынша кезекті акцияны өткізді.
Бірнеше сағат ішінде осындай 65 жазба және 100-ден астам граффити боялған.
Облыстық ПД аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгүл Ерадилованың айтуынша, акция ауқымды болды, оны өңірдің қалалары мен аудандары да қолдады.
— Облыс орталығында бұл ағымдағы жылғы екінші акция. Қала тұрғындарының арқасында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтар бұл мәселеге бей-жай қарамайды. Біз мұндай жазулар туралы көптеген хабарламалар аламыз», — дейді полиция майоры Айгүл Ерадилова.
«Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚҚ басшысы Гүлсім Бисембаева атап өткендей, есірткінің таралу проблемасын күш біріктіре отырып, бірлесіп шешуге болады.
Полиция тағы да халықтың назарын нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тақырыбына аударады.