Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлттық олимпиада басталды

Шалғайдағы шәкірттердің назардан тысқалып жататыны жасырынемес. Ауылды жерлердегі білімді балалардың өз мүмкіндігі мен дарынын көрсететін сәт туды. Ол «Мың бала» ұлттықолимпиадасы. Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Тіркеу 24-ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасты.

Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде бiлiмiн жалғастыруға мүмкіндік алады. Олимпиадаға Қазақстанның ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысады.

-Біздің өңір бойынша айтатын болсақ, өткен жылы олимпиаданың бірінші кезеңіне шамамен 8 мың бала қатысты, екінші кезеңіне 5 және 6-сыныптың 142 оқушысы қатысты. Жеңімпаздар қатарына 63 бала кірді. Бүгінгі күні 5 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуын сәтті жалғастыруда. Биыл қатысушылардың саны 8 500 дейін өседі деп күтеміз. Олардың басым бөлігі «Мың бала» жобасының үздік 1000 жеңімпаздарының тізіміне енеді дегенге сенім мол. Өз тарапымнан, біздің өңірде ауыл оқушыларының олимпиадаға қатысуына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі жасалғанын ерекше атап өткім келеді, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.

«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.

Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады. Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады. Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектебiнде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.

Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде тегін оқи алады. 2020 жылы «Мың бала» олимпиадасына 295 мың оқушы қатысты. Өткен жылғы олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктелді, оның ішінде Қостанай облысынан 63 оқушы жеңімпаз атанған. 6 сыныпты бітірген жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес «Білім-Инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Еl Úmiti — талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда.