Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауданда ауқымды жұмыс атқарылды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарының аясында Әулиекөл ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Өңір басшысы, алдымен, Аманқарағай № 2 орта мектебіне барып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының және Аманқарағай ауылындағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. 320 орындық бұл мектеп 2020 жылдың қыркүйегінде ашылып, пайдалануға берілген болатын. Мұнда оқушылар мемлекеттік тілде білім алады.

Одан әрі облыс әкімі Әулиекөл ауылындағы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері бойынша өтініш білдірді. Әр өтініш бойынша түсіндірме жауаптар берілді.

Сонымен қатар, Әулиекөл ауданында су тасқынына қарсы дайындық барысымен танысты, онда аудан әкімі Ерлан Теменов елді мекендерді қардан тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды, сондай-ақ ауданның су тасқынына қарсы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.