Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Дала жұмыстарына әзірлік

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша агробайланыс кеңес өткізді. Кеңес барысында мекемелер, кәсіпорындар басшыларының баяндамалары тыңдалып, алдағы дала жұмыстары туралы пікір алмасты.

Агроөнеркешен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында ағымдағы жылы саланы қаржылық қолдаудың барлық бағыттары сақталуда. Жыл басында облысқа 31,3 млрд теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы егіс алқабы 5,2 млн. га құрайды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 71 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

-Осыған байланысты, себуге дейін қалған кезеңде күш-жігер жұмсау, барлық материалдық — техникалық, қаржылық мүмкіндіктерді көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде дайындауға және жүргізуге жіберу қажет,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бұдан соң өңір басшысы қала мен аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, оның барысында ағымдағы жылы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін пысықтады.

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, кеңес барысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендердің көшелеріндегі 2021 жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық барысы талқыланды. Автожол саласының бюджеті ағымдағы жылы барлық бағдарламалар бойынша 14,2 млрд.теңгені құрайды, жергілікті маңызы бар 191 км автожолды және елді мекендер көшелерінің 102 учаскесін жөндеу жоспарлануда.

Бұдан әрі облыстың 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда өсіммен орындалды. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан қорытындысы бойынша облыста өсім байқалады: өнеркәсіп өндірісі-7,2%, оның ішінде өңдеу саласы-11,9%, негізгі капиталға инвестициялар-24,6%, құрылыс жұмыстары-42,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру-23,5%.

Кеңес соңында Архимед Мұхамбетов 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерінің оң динамикасын қамтамасыз етуді тапсырды.