Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тұрғын үй құрылысы артпақ

Биыл Қостанай облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 449 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңес отырысында айтылды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткізген алқалы жиынға Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері, өңірдегі ірі құрылыс компанияларының өкілдері мен «Отбасы банк» КҚ басшылығы қатысты.

«Бүгінгі күні барлық жұмыстар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімдерін бұзбай, қаржыландыру кестесіне сәйкес жоспарлы режімде жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы бюджеттен 18,4 млрд теңге көзделген, оның ішінде коммуникациялық инфрақұрылымға 10,1 млрд теңге, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 3,9 млрд теңге, көп қабатты 19 тұрғын үй салуға 4 млрд теңге қарастырылып отыр. 2024 жылға дейінгі жоспар бойынша  облыста тұрғын үй салу қарқынын жыл сайын 10%-ға арттыру көзделген» — деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар, жиында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2022-2024 жылдар аралығындағы жоспары пысықталды. Бағдарламаны жүзеге асыруға бірнеше ірі құрылыс компаниясы қатысады. Мәселен, жергілікті «БК-Строй» серіктестігі алдағы 3 жыл ішінде облыс орталығында  көп қабатты 15 тұрғын үй тұрғызбақ.

«2022 жылы «Береке» және «Жаңа қала» шағын аудандарында жалпы ауданы 76600 ш/м болатын 1240 пәтерлік 5 үй салуды жоспарлап отырмыз. 2023-24 жылдары «Береке» шағын ауданында 2180 пәтерлік тағы 10 үй тұрғызамыз» деді құрылыс компаниясының директоры Валерий Полешко.  

Бүгінгі күні барлық жұмыстар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімдерін бұзбай, қаржыландыру кестесіне сәйкес жоспарлы режимде жүргізілуде.

Бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы бюджеттен 18,4 млрд.теңге көзделген, оның ішінде: ИКИ жүргізуге– 10,1 млрд. теңге, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге — 3,9 млрд. теңге, кредиттік тұрғын үй салуға, 4,0 млрд. теңгеге 19 көп қабатты тұрғын үй салуға. Жақын болашаққа (2022-2024 ж.ж.) тұрғын үйді іске қосу қарқынын жыл сайынғы 10% өсіммен сақтау жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша ағымдағы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішіне қол жеткізуді, 2022-2024 жылдарға тұрғын үй құрылысы жобаларын сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуді тапсырдым.