Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Құрақ көрпе сыйға тартты

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қостанай қаласының тұрғыны, қолөнер шебері Райхан Рахалиева облыстық тарихи-өлкетану музейіне ұзындығы 21 метр болатын ерекше көрпені сыйға тартты.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көрпелер көрмесінің» бас экспонаты да  — осы ерекше тарту. «21 саны — үш жетіден тұратын нышандық белгі. Жеті ата, жеті қазына, жеті ғалам, жеті қат жер, жеті амал, жеті күн  сияқты халық ұғымдарындағы киелі 7 санының орны ерекше.  Наурыз көже де 7 дәмнен тұрады» дейді шебер.

Он саусағынан өнер тамған ісмердің қолынан шыққан ұзын көрпе қошқар мүйіз оюымен кестеленіп, қызыл-жасыл түсті масаты матамен тысталған.  

35 жыл бойы қолөнерді серік еткен Райхан Рахалиева тіккен сәнді ұлттық киім үлгілері мен қоржын, шабадан, құс жастық, көрпеше сияқты тұрмыстық бұйымдарды аттай қалап алып кетіп жатады. Ісмердің қолынан шыққан өнер туындылары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Италия мемлекеттеріндегі жеке коллекциялардың төрінен орын алған.

Шебер алдағы уақытта Гиннестің рекордтар кітабына енетін ең ұзын көрпе құрастырып шығаруды көздеп отыр.