Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Экспорттық әлеует зор

Қостанай облысының экспорт көлемі былтыр 1,3 млрд долларды құрап, тауарлар мен қызметтер 20-дан астам мемлекетке шығарылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, экспорттың негізгі көле­­мі Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан сияқты елдерге тиесілі. Өңірдің екі компаниясы («Промбаза 7» ЖШС және «Баян Сұлу» АҚ) Alibaba платформасында ұсыны­лып, олар халықаралық маркетплейстер арқылы қазақ­стан­­дық экс­портты ілгерілету бағдарламасы аясында «Ал­тын ак­каунт­­­ты» иеленді. Былтыр Қостанай облысы­нан экспорт­тық ак­се­лерация бағдарламасына 8 кәсіп­орын («Баян Сұлу» АҚ, «ДЕП» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС, «Бест Қоста­­най» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «ТД Аманат» ЖШС, «Мол­­про­дукт» ЖШС,  «Компания Саламат» ЖШС) қатысты.

2020 жылы өңірдегі 24 компания экспорттық шығын­дардың бір бөлігін 909 млн теңгеге өтеу түрінде мемле­кеттік қолдау алды.

QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының мәлі­метіне сүйенсек, экспорттаушылар шығындардың бір бөлігін өтеумен қаржылық емес қолдау тетігімен қамтылған. Атап айтқанда, бұған компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап сапалы талдау мен консалтингтік қызметтерді ұсынуға дейін кіреді. Мысалы, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы арқылы азық-түлік өнеркәсібінің 35 компаниясы Қытай нарығына шығуға мүмкіндік алса керек. QazTrade қызметкерлері халықаралық сарапшылармен бірге бизнес өкілдерін Қытай нарығымен жұмыс істеудің «қыр-сырына» үйретіп, ҚХР-да отандық өнімді ілгерілетуге септесті.

Биыл Qaztrade «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және «Қазақинвест» АҚ секілді ұлттық компаниялармен бір­лесіп, экспортқа бағдарланған жобаларға инвестициялар тартуға жәрдем көрсетуге дайын екендерін білдірді.

«Енді кәсіпкерлерге мемлекеттік органдарға барудың қа­жеті жоқ, тек бірыңғай export.gov.kz портал-терезені пайда­лану жеткілікті. Егер сізде жедел сұрақтар туындаса-@exportgov телеграм-арнасы және @qaztradebot телеграм-бот сізге қызмет көрсетеді. Бот сізге мынадай тақырыптар бо­йын­ша ақпаратты тез табады: «Экспорттық акселерация» бағ­дар­ламасына қалай кіруге болады, шығындардың өтемін не­месе басқа да қаржы қолдау шараларын алу туралы, басқа ел­дердің маркетплейстеріне немесе мемлекеттік сатып алу­лары­на қалай шығуға болады. Осы жерде өтінішіңізді қал­дыра аласыз немесе сұрақ қоя аласыз», деді QazTrade АҚ жо­ба­ларды дамыту де­пар­таментінің директоры Айбек Сағынаев.