Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Құрылыс қарқын алды

Қостанай қаласын аралау барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Бородин көшесінен Дзержинский көшесіне дейінгі арадағы Пушкин көшесін реконструкциялау барысын тексерді.

Аталған учаскеде инженерлік желілерді қайта жаңарту, ұзындығы 0,5 км автомобиль жолын абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді, жұмыс құны — 483,7 млн.теңге.

Сондай-ақ, өңір басшысы автомобиль жолдарын жөндеумен айналысатын мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша алдағы маусымға арналған ұсыныстарын тыңдады.

Тексеру қорытындысы бойынша А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкіміне мердігер ұйымдармен бірлесіп, нақты проблемалар тізбесін жасауды және оларды шешу жолдарын дайындауды тапсырды.

Кейін облыс әкімі қонақ үй салынатын аумақты қарап шықты. Болжам бойынша қонақ үй «Kostanay Plaza» СОО және «Тобыл арена» футбол манежінің жанында орналасатын болады. Бес қабатты ғимарат барлық талаптарға сай. Қонақ үй бюджеттік санаттағы қонақ үйлер түріне жатады.

-Accor Group-тің қонақ үй бизнесі саласындағы жоғары біліктілігін және БК-строй отандық құрылыс салушының тәжірибесін ескере отырып, француз және Қазақстан тараптарының ынтымақтастығы біздің облысымыз үшін түбегейлі жаңа жоба болатыны сөзсіз,-деп атап өтті өңір басшысы.