Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Халықаралық байқауда топ жарды

Башқұртстан астанасы Уфа қаласында өткен «Зов Урала» атты оркестрлер және ұлт аспаптар ансамбльдерінің халықаралық байқау-фестивалінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданының «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі топ жарды.

Осымен төртінші жыл ұй­ымдастырылып отырған ха­лықаралық байқау биыл ін­дет­ке қарсы шектеу та­лап­­тарына сәйкес онлайн ре­жім­де өтті. Дәстүрлі музы­ка мерекесіне Ресей, Түр­кия, Қазақстан, Өз­бекстан мем­лекеттерінен жалпы саны 80-нен астам кәсіби және көр­кемөнерпаздар ұжы­мы, сон­дай-ақ студенттер, балалар ан­самбльдері мен ор­кестрлері қа­тысқан.

Айбек Сыздықов жетек­шілік ететін Алтынсарин аудан­дық «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі Сү­гір­дің «Бозінгенін», Нұр­туған­ның термесі мен Ер­мұрат Үсе­­новтің аспапты ор­кестр­ге арналған «Қара жор­­ға» ту­­ындысын орын­дап, оны бей­нетаспаға тү­сіріп байқау-фес­­тивальдің сай­тына жүк­те­ген. Осылайша, байқау қо­рытындысы бойынша аудан­­­дық ансамбль жүлделі бі­­рінші орынды иеленді.

– Халықаралық байқауға Ресейдің халық әртісі, В.Ан­дреев атындағы Санкт-Пе­тербург мемлекеттік акаде­миялық орыс оркестрінің бас дирижері Дмитрий Хохлов, Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкен­бае­ва, Башқұртстанның халық әртісі Рамил Ғайзуллин, Өз­бекстанның халық әртісі Фа­рук Садықов сынды оркес­тр және ансамбль өнерінің көр­некті қайраткерлері қа­зы­лық етті. Бүгінде солис­тер мен камералық ұжым­дар арасындағы музы­ка­лық байқаулар жиі ұйым­дас­­тырылады. Дегенмен бү­гінде Башқұртстандағы ха­­лық­аралық фестиваль жал­пы Ресейдегі бірегей байқау ретінде мойындалып отыр. Өйткені үлкен оркестрлер мен ірі ансамбльдердің шығар­ма­шылық сайысы Ресей кө­лемінде Уфада ғана өтеді. Фес­­тивальге қатысушылардың шеберлігі жылдан жылға шың­далып келе жатқанын, әсі­ресе байқаудың география­сы кеңейе түскенін қазылар ал­қасы да атап өтті, – деді аудан­­дық «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблінің же­тек­шісі Айбек Сыздықов.

Аталмыш халықаралық байқау-фестивалінің Гран-при сыйлығына екі бірдей өнер ұжымы – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының Халық оркестрі мен Л.Беззубов атын­дағы Түмен орыс халық ас-п­а­п­тар оркестрі лайық деп танылды.