Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атқарылған жұмыс аз емес

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. Жедел кеңеске ТЖД бастығы Б.Кәрімов төрағалық етті.     

Өткен тоқсанда атқарылған жұмыстар есебінде Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға, материалды шығын есебін азайту және стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға бағытталғандығы жөнінде баяндалды.

«Қостанай облысы бойынша есепті кезеңде 699 рет шақыртуларға барған, қауіпті жерден 401 адамды эвакуациялап, тағы 400 адамды құтқарған. 8 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Уақытылы қабылданған шаралар қысқы және су тасқыны кезеңінде адамдардың қаза болуымен және халықтың, шаруашылық жүргізуші объектілердің тыныс-тіршілігінің бұзылуымен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталмыш жедел кеңесте департаменттің бірқатар бөлім, басқарма, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар есебін қатысушылар назарына салды. Кеңесті қорытындылаған департамент бастығы жазғы өрт қауіпті кезеңде және шомылу маусымында қауіпсіздікті күшейту, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.