Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сарыкөл ауданына барды

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы әуелі Сорочин ауылындағы ауыз су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылу барысымен танысты. Жоба өткен жылы 320 млн теңгеге іске асырылды. Ұзындығы 22,1 шақырымды құрайды. Осылайша, Сорочин ауылының тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

Бұдан кейін ол Сарыкөл ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Бұл нысанға былтыр  31 млн теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан әрі облыс әкімі Комсомол жалпы білім беретін мектебіне барып, өткен жылы 72,8 млн теңгеге жасалған күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Өткен жылы Сарыкөл ауданында 1 003 300,8 теңгеге 11 жоба жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. 
Сонымен қатар, А.Мұхамбетов Сарыкөл ауылындағы «Мелитопольское» ЖШС және Комсомольский ауылындағы «КазПроИнвест» ЖШС егіс алқаптарын аралады.

Мұнымен қоса, аудан әкімі А.Балғарин аудандағы осы жылғы егіс науқаны туралы баяндады. Алдын ала жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды ескере отырып, биыл 327,3 мың га алқапта дақылдарды егу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101%-ға тең. Сапар қорытындысында өңір басшысы аудан әкімі Амантай Балғаринге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды тапсырды.