Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еріктілерді үйретті

Қостанай облысында Қызыл ай волонтерлері мен жасұландықтарды судан құтқару тәсілдеріне үйретті.

            Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицина орталығы (АМО) қызметкерлері Тобыл өзені жағажайында судағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында үйрету сабағын жүргізді. Сабақтың мақсаты – судағы төтенше жағдай кезінде көмек көрсетудің түрлі әдістерін көрсету мен меңгерту.

            Еріктілердің тәжірибе жүзінде манекенде жан сақтау шараларын – жасанды дем алу және жүректі тікелей емес уқалауды жүргізуге мүмкіндігі болды. «Тәжірибелік жұмыстар құтқару және зардап шеккен адамның өзін-өзі құтқару әдістерін қосты. Таза ауада жанды форматта өткен сабақ ақпаратты қолжетімді және қызықты етті. Еріктілер мен ерікті ұйымдардың өкілдері меңгерген білім мен тәжірибелерін игі істі жалғастыруда қолданбақ», — деп қосты ТЖД.

            Жуырда тұрғын үйде болған өрттің салдарынан 47 жастағы ер адам қатты күйік шалып, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

            Ведомство ақпаратынша, 15 мамыр күні таңғы сағат 08:30-да Шевченко көшесі бойында өрт шыққан.

            «Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімі кезекшісінің пультіне жанып жатқан үй туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келген кезде тұрғын үй алаулап жанып жатқан. Өрт сөндірушілер жалынды 15 минуттан кейін ауыздықтады. Өрт толығымен сағат 08:55-те сөндірілді. Үй ішіндегі 10 шаршы метр аумақтағы бөлме отқа оранған. Бөлме жиһаздар және заттармен бірге жанып жатқан. Өрт болған жерде үйдің кіреберісінде күйік шалған 47 жастағы ер адамның денесі табылған, ол кезде ер адам тірі болған», — деп хабарлады ТЖД. Құтқарушылар зардап шеккен ер адамды дәрігерлерге тапсырған. Ол ауруханада қайтыс болды.

«Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адамның тұрақты үйі болмаған, оның өрт шыққан үйге қатысы болмаған. Өрттің себебі анықталуда», — деп қорытты ТЖД.