Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Есімі ел есінде

Қостанай облысына қарасты Әулиекөл аудандық өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында азаматтық қорғаныс ардагері, ішкі қызмет подполковнигі Қайырбек Қабиевке мемориалдық тақта орнатылды.

            Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне жергілікті мемлекеттік органдардың, төтенше жағ­дай департаментінің және аудан­дық өртке қарсы күрес қыз­метінің басшылары, ардагер өрт сөн­дірушінің туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты. Мемо­риалдық тақтаны аудан әкімі Ерлан Теменов пен Қостанай облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Мельников ашты.

            Салтанатты шарада аудан­дық мәслихат хатшысы Дәулет Қойшыбаев құттықтау сөз сөй­леп, жиналған көпшілікке өзгенің өмірі үшін талай мәрте отқа кіріп, батырлықтың үлгі­сін көрсеткен даңқты өрт сөнді­рушінің еңбек жолы туралы баяндап берді.

            – Қайырбек Қабиев өзіне жүктелген міндетті адал орын­даған өжет өрт сөн­діруші, білікті маман еді. Оның сындарлы сәтте қызыл жалынның арасынан талай адамды аман алып шыққан көзсіз батыр­лығын бүгінгі өске­лең ұрпаққа өнеге етуіміз керек. Өз ісіне берілген, қысылтаяң кезде әбжіл қимылдайтын шебер өрт сөндірушінің еңбегі еленіп, кезінде жоғары марапаттарға ие болды. Енді, міне, бүгін батырға кейінгі буын әріптестері лайықты құрмет көрсетіп, ескерткіш тақта орнатып жатыр. Бұл күн ерлік ескеріліп, батырлық бағаланған күн ретінде ел есінде сақталады, – деді Дәулет Қойшыбаев.

            Еңбек жолын өрт күзетінің инспекторы болып бастаған Қайырбек Қабиев төтенше жағ­дай қызметі саласында ұзақ жыл қатардағы өрт сөндіруші болып қызмет атқарды. Кейін бас­шылық қызметке ауысып, Әулие­көл, Құсмұрын ауылдарында және Аманқарағай беке­тінде өрт сөндіру бөлім­шелерін жасақтады.