Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өз тіліңді құрметте

«СөйлеTime » Қазақ тілі клубы Қарабалық ауданында жұмысын бастады. Клуб мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қарабалықтықтарға ерекше қолдау болары сөзсіз.

Клуб мақсаты – қазақ тілін ынталы адамдарға жайлы ортада, еркін аяда интерактивті қарым-қатынас арқылы үйрету. Мәселен, талапкерлер ауданның белгілі тұлғаларымен кездесу өткізуі мүмкін немесе қандай да бір кітап, фильм, ауданда өтіп жатқан маңызды оқиғаларды талдау және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылуы кәдік.

Клуб мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қарабалықтықтарға ерекше қолдау болары сөзсіз.           

Оның ашылуына облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова, аудан әкімінің орынбасары Т.Жамбылов және клуб мүшелері, қоғам белсенділері қатысты. Ресми іс-шараның екінші бөлігі квест форматында өтті.

Айта кетейік, бұл ерекше жобаның бастамашысы – облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова. Бұған дейін клуб Рудный қаласында ашылған еді.